Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: shymkenttv.kz

Кәсіпкерлердің қолдауы

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2017-09-04

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Созақ ауданындағы «Қазатомөнеркәсіп» компаниясына қарасты «Қаратау» ЖШС-і қайырымдылық шараларын жалғастыруда. Қашанда игі істің басы-қасынан табылатын мекеме25 оқушыны киіндіріп, сауапты іс атқарды. Аудан басшылығымен қолға алынған жобаға жергілікті кәсіпкерлер де дем берді.

     Бұл шара - «Қаратау» ЖШС-нің алғашқы игілікті  ісі емес. Кәсіпкер Қанат Жақыпұлы бастаған ұжым бұл жолы да қысқа жіпті күрмеуге келтіре алмаған қараша қауымды қуанытты. Жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын аттаған 1-сынып оқушаларына оқу құралдарын алып берді.

      Бұл балғындар - Сарыжаз, Ақсүмбе, Қаратау елдімекендерінің 1-сынып оқушылары. Демеушілер бүлдіршіндердің білім алуына  қажетті оқу құралдарын салтанатты жағдайда табыс етті. Көңілдеріне қуаныш ұялаған өрендер өндірістік компанияға риясыз ризашылықтарын жеткізді.

      «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ауданда барлық мекеме мен бөлім тараптарынан да қолдау табуда. Науқан көмегімен 210 оқушы мектепке қажет жабдығын түгендеді. Өскелең ұрпақтың ілкі буын алдындағы қамқорлығын айрықша сезінді.

 

КЕНЖЕХАН Дүйсенбі

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Там 2018=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

8

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея