Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

ОҚО кәсіпкерлік дамуы бойынша бірінші орында

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2017-09-27

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі  Ато Браунмен кездесті. Екіжақты кездесу барысында Оңтүстік Қазақстан мен Дүниежүзілік банк арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Өз кезегінде өңір басшысы Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіру бойынша  облыста шағын кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау және жаңадан жұмысын бастаған бизнес субъектілерінің бастамаларына қаржылық қолдау көрсету шаралары бағытында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Біздің облыс Қазақстандағы халқы тығыз орналасқан аграрлы аймақ. Еліміздегі әр бесінші сәби осы өңірде дүниеге келеді. Оңтүстік Қазақстан облысы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы бойынша облыстар арасында бірінші орында келеді.  Сонымен қатар облысымыз білім беру мен денсаулық сақтау  мекемелер саны жағынан да алда. Ал бұл салада атқарылар жұмыста аз емес. Сондықтан  Дүниежүзілік банкпен алдағы уақытта  да тұрақты жұмыс істеуге әзірміз, - деді әкім.

Оңтүстік Қазақстанға үш күндік жұмыс сапарымен келген мәртебелі мейман өңірде атқарылып жатқан ілкімді істермен танысып шыққанын айтып,  Шымкент қаласын аралау кезінде оның қарқынды дамып келе жатқанына көз жеткізгенін айтты.

«Биыл Дүниежүзілік банк пен Қазақстанның әріптес атанғанына 25 жыл толып отыр. Осы датаны атап өтіп, қаржыландыру бағдарламасының кезекті бес жылдығын қорытындылаймыз. Алдағы уақытта қаржыландырудың жаңа бағдарламасын бастауды жоспарлап отырмыз», - деп қосты Ато Браун.

Кездесу соңында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі А.Браунға сәттілік пен табыс тіледі.

 

 

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қаз 2018=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

9

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея