Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

Құрылысқа қажетті өнімге сұраныс мол

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2017-09-28

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Ордабасы ауданындағы автоматтандырылған жүйедегі жаңа технологиялы қыш зауыты тәулігіне 55 мың дана өнім өндіреді. Құрылыс саласына қажетті өнім өндіретін зауыттың өніміне деген сұраныс өте жоғары. Сапалы өнімді пышақ үстінде үлестіріп әкететіндер көп.

Жергілікті өнім аймақтағы қарқыны үдей түскен құрылыс жұмыстарында қолданылуда. Отандық өнімге сұраныс жоғары. Үдемелi индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында iске қосылған кәсіпорын келесі жылы қуаттылығын 60 мыңға жеткізуді жоспарлап отыр. Мұнда жергілікті 62 адамды жұмыспен қамтылып отыр.

Заманауи технологиялармен жабдықталған зауытқа 526,9 миллион теңге жұмсалды. Инфрақұрылым 148 миллион теңгеге жүргiзiлген. Қазiргi таңда зауыт күнiне 55 мың кiрпiштi iшкi нарыққа шығаруда. Бiр кiрпiштiң бағасы – 35 теңге. Көбiне құрылыс жүргiзетiн компаниялар өтiнiш бередi. Бастысы, отандық өнім экологиялық таза. Жол, электр желісі мен газ құбыры индустрияландыру бағдарламасына сәйкес тегін тартылған. Мемлекет қолдауының арқасында кәсіпорын еңсесін тіктеп, аяғына нық тұрып үлгерді. Нәтиже де жаман емес. Енді тәулiгiне 60-70 мың кiрпiш өндiрмек.

 

 

 

 

 

 

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Ақп 2018=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Галерея