Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: shymkenttv.kz

Үкімет басшысы - Түркістанда

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2017-09-29

Бүгін жұмыс сапарымен Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Оңтүстік Қазақстан облысына  келді. Премьер министр алдымен Түркістан қаласында болып, шаһарды дамытуға бағыттталған жұмыстардың барысымен танысты. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үй құрылысын аралап көрді. Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде болды. Түркістандағы «Яссы нан» зауыты - өңірдегі ірі наубайханалардың бірі.  Мұнда тәулігіне 30 мың дана нан жабылады. Сонымен бірге кәсіпорын  ұннан кондитерлік  өнімдер әзірлейді. Шұжық дайындайды. Көпсалалы зауыт жылына 450 млн теңгенің өнімін өндіреді. НАСИБА АТАЕВА - ЗАУЫТ ДИРЕКТОРЫ «Жыл аяғында өндірісті ұлғайтуға кіріскелі отырмыз. Жаңа наубайхана жлісіне қажетті құралдардысатып алу үшін  Польшалық компаниямен келісім жасап қойғанбыз. Жаңа желі тәулігіне 50 мың нан пісіретін қуаттылыққа ие. Ол кезде зауытта тағы 30 жұмыс орны ашылады». Сапар барысында үкімет басшысы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік университетіның тыныс тіршілігімен де танысты. Түркі әлемі мұражайын, кітапхананы  аралап көрді. Медицина факультетінің клиникалық орталығында болды. Жалпы университет бүгінде түркі тілдес мемлекеттерге ортақ оқу ордасына айналып отыр. Қазір мұнда 11 мамандық бойынша 10 мыңға жуық жас білім алады. УӘЛИХАН ӘБДІБЕКОВ - Қ.А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОР «Бұл жерде 18 елдің,29 ұлттың  өкілі оқиды. Барлығы әр тілде сөйлейді. Келген кезден бастап Назарбаев  университеті секілді фондейшн ашқанбыз. Сол жерде үш тіл біліп шығады. Қазақша, түрікше, ағылшынша. Содан кейін ол оқуын жоғары курста жалғастырады». Мұнан соң қала  әкімі үкімет басшысына «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалуын баяндап берді. Бағдарлама аясында шаһар іргесінен «Отырар» деп аталатын жаңа мөлтекаудан бой көтеріп келеді. Бүгінге дейін мұнда 12 көпқабаты тұрғын үй салынды. 750 отбасы баспаналы болды.  Енді бірер жылда шағын аудан Түркістанның  жаңа әкімшілік  іскерлік орталығына айналмақ. Шаһарда тұрғын үй құрылысы келер жылы да қарқын алмақ. «Қазақстан ипотекалық компаниясы» арқылы 26 көпқабатты үй мен 150 коттедж салынады. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 280 балаға лайықталған балабақша  соғылады. Осылайша Түркістан мемлекеттік қолдаудың арқасында  келешекте тек руханияттың орталығы ғана емес экономикалық әлеуетті мықты, сәулеті ерек ірі шаһарлардың біріне айналғалы отыр.

ҒАНИ Қалмаханов

 

 

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Ақп 2018=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Галерея