Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

«Жырласа жастар жырласын!»

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2017-09-30

Оңтүстік Қазақстан  облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының іс жоспарына сәйкес "Жырласа жастар жырласын" атты жас ақындар айтысы өткізілді. Б.Өтеп атындағы дарынды балаларға арналған өнер мектебінде өткен сайыста Айтыскер ақын Нұрлан Есенқұлов, Дәстүрлі әнші Дәурен Болысбаев және ҚР Жазушылар Одағы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, ақын, Бақытжан Алдияр қазылық етті. Жас ақындар Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласы мен қоғамдағы өзекті жағдайларды әзіл аралас, астарын ақтарып халыққа ұсынды. Ұтқыр ой, суырып-салма қабілетімен көзге түскен жастар легі қазылар алқасымен көрермен қауымды да бейжай қалдырмады. Айтыстың қорытындысы бойынша Б.Өтеп атындағы дарынды балаларға арналған өнер мектебінің оқушысы Аман Рахат бас жүлдені иеленді. Мақтарал ауданынан келген Абпазхан Балғын 1 орынды иеленсе, Түркістан қаласынан келген Қожанов Бақдәулет 2 орынды қанжығасына байлады, 3 орынға Сарыағаш ауданынан келген Тілләбеков Нұрдаулет лайық деп танылды. Халық шығармашылығы орталығының арнайы жүлдесімен Қалдарбек Асқар (Шардара ауданы), Б.Өтеп атындағы дарынды балаларға арналған өнер мектебінің арнайы жүлдесімен Елмұратова Ақсымбат (Мақтарал ауданы), «Мәңгілік ел» атындағы арнайы жүлдесімен Шермахан Ақжан (Шымкент қаласы) марапатталды. Барлық қатысушыларға қаржылай сый-сияпаттармен алғыс хаттар табыс етілді. 

 

 

 

 

 

 

 

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Ақп 2018=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Галерея