Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

Созақтағы сапар

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2017-09-30

Бүгін қасиетті жұмада Алла қалап, теріскей топырағына табан тіреп, қарт Қаратаудың баурайында мекен еткен ОҚО сырлы Созаққа сапар шегіп, шежірелі Шолаққорғанға барып қайттым.
Қарсы алған əлеуметке алғысым мол. Жылы шыраймен күтіп алды.
Ə дегеннен аудандық Мыңжылқы мəдениет сарайына қадам бастым. Аудандық кітапханада сол жерде орналасқан екен. Сонымен қатар облыстық арнайы көзі көрмейтін жəне əлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханамыздың бір нүктесіде сонда орналасқан.
Кітапханашы Айман апай ұжыммен таныстырып өтті. Мəдениет сарайында үлкен іс-шара өтіп жатыр екен.
Мұғалімдер күніне орай ұстаздарды ұлықтап шəкірттерде бал-бұл жайнап тұр.
Ақындардың жыры толқып, əншілердің əндері шалқытып жатқан Созақ ауданына амандық тілеп,
Риза болдым. Мұнда алғаш келуім, алған əсерім ерекше.
Барған жұмысымда оңынан шешілген болды.
Созақ аудандық "Мыңжылқы" мəдениет сарайында ОҚО "Шалқар шабыт" мүгедектер қоғамдық бірлестігінің "Тұғыры биік туған жер" атты шығармашылық кешін өткізгелі отыр.
Болашаққа бағдар жасап, руханяттың дамуына мүмкіндігі шектеулі талантты өнерпаздар бойға сіңген өнерімен өзіндік үлес қосуда.
Кеште жас əнші Айнұр Смандияр, Тайыров Рустем, Уйсимбаева Перизат тағы басқалары өнер көрсетпек.
Кешті "Ерекше жандар" бағдарламасын жүргізушілері, еліміздегі тұңғыш зағип тележүргізушілер Мадина Ермаханова мен Ербек бакиев жүргізеді.

Ербек Бакиев

 

 

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қаз 2018=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

9

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея