Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

Әйел- үйдің шырағы, қоғамның жанашыры

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2017-09-30

Жуырда ОҚО Созақ аудандық «Бақ- Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелері Созақ ауылында болып, жергілікті тұрғындармен оның ішінде әйел- аналармен, қыз- келіншектермен кездесіп, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талдап, әйелдер арасында түсіндірме насихаттық жұмыс жүргізді. «Отан отбасынан басталады» демекші әрбір отбасының шырағы әйел-аналар бұл мәдени шараны жылы қабылдады. Игілікті басқосуды аталған қоғамдық бірлестіктің төрайымы Н.Майусова жүргізіп отырды. Созақ мектеп гимназиясы директорының орынбасары, бірлестіктің белсенді мүшесі Раушан Байғараева «Туған жер» бағыты бойынша хабарлама жасап, қыз- келіншектерді туған жерді түлетуге, көркейіп- көгалдануына үлес қосуға, өсіріп отырған ұл- қыздарымызды елдің патриоты етіп тәрбилеуге шақырды. Сондай-ақ, ауылда атқарылып жатқан игілікті істерді атап, үлгі болар ел азаматтарын атады. Жиынға арнайы шақырылған, бірлестіктің белсенді мүшесі, Құмкент ауыл әкімдігіне қарасты «Қайрат» балабақшасының меңгерушісі, еңбегімен республикаға танылған, бірнеше құрмет- наградалардың иегері Нұржамал Төлеуованың еңбек жолдары насихатталып, арнайы түсірілген бейнефильм көрсетілді. Сөз кезегінде Н.Төлеуова Отанға, елге, туған жерге деген сүйіспеншілік пен патриоттық жауапкершілік, азаматтық борыш туралы ой- пікірін ортаға салды. Бүгінгі тақырып, латын әліпбиіне көшудің мақсаты мен маңыздылығы, латын әліпбиінің тарихы туралы, бірлестіктің мүшесі, аудандық білім бөлімінің әдіскері Дидар Баяндиева слайд арқылы хабарлама жасап, түсіндірме берді. Жиында айтылған маңызы зор хабарламаға сәйкес, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын-жазушы, К.Рысметов, тәжірибелі педагог Қ, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы, тілдерді дамыту орталығының директоры Г.Биғондиева, тіл маманы Д.Оспанова өз пікірлерін қосса, жас маман, педагог Умида ...... туған жерге арнап, сиясы кеппеген жыр-шумақтарын оқыды. Сонымен қатар, жиын соңында жас буын туған жер туралы белгілі ақын- жазушылардың өлең жолдарын жатқа айтып, туған жер туралы ән шырқады.
Нұржамал ӘБІЛЖАНҚЫЗЫ

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қыр 2018=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Галерея