Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

Көп сыр бүккен Тайқазан

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2017-09-30

Тайқазан – Оңтүстік Қазақстан облысындағы ғажайыптардың бірі. Алты ғасырлық тарихы бар осы қазан жөнінде не білесіздер? Көп сыр бүккен бұл қазан 1399 жылғы 25 маусым күні Әмір Темірдің тапсырысымен сирек кездесетін асыл металдардың қоспасынан құйылған болатын. Осы құндылықтың салмағы 2 тонна, сыйымдылығы 3 мың литр екен. Тайқазанның сыртындағы арабтың гүлденген сульс және куфи қолтаңбаларымен жазылған бірнеше қатар жазудың алғашқысында қазан шайхылардың сұлтаны Ахмет Ясауидің кесенесіне арналып жасалғаны айтылған. Жазулардың екінші қатарында он сегіз мәрте қайталанып жазылған «Мубарак бад» деген сөздер құтты болсын, берекелі болсын, береке дарыған орын дегенді білдіреді. Ал жәдігердің сыртындағы осы жазулардан төмен орналасқан отыздай төмпешікті ғалымдар «Куббалар» деп атайды. 1935 жылы алып қазан Санкт-Петербург қаласындағы әйгілі Эрмитаж музейіне, халықаралық конференцияға жеткізіледі. Жарты ғасырдан көп уақыт сонда тұрып, 1989 жылғы 18 қыркүйек күні Қазақстанға қайтарылып беріледі. Тайқазанды Отанымызға қайтаруға мемлекет, қоғам қайраткері, қазақтың біртуар ұлы, этнографияны зерттеген ғалым Өзбекәлі Жәнібековтің айтарлықтай атсалысқанын да айта кету керек.
Төлеген АХМЕТОВ

 

 

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Там 2018=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

8

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея