Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

Актерін құрметтеп, ақынын қадірлеген жастар

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2017-09-30

29 қыркүйек күні ОҚО Түркістан қаласындағы Ғылыми кітапхананың конференц-залында Астана Жастар театрының актеры, «Ағайындылар», «Қарашаңырақ» телехикаялары арқылы танымал болған Әділ Ахметов және «Республикалық радио» ЖШС Бас директорының орынбасары, Қазақ радиосының Бас редакторы, ақын, университет түлегі Серік Сейітман студенттермен кездесті Тәрбие және мәдени істер департаментінің директоры Л.Есентаева жүргізген кеш өте қызықты өттіРежиссер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмі жуырда «Марко Поло» халықаралық кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алған болатын. Фестивальде Хорватия көрермендері халықтың басынан 1930 жылдан бастап өткен қиын-қыстау кезеңдер (ұжымдастыру, жұт, соғыс жылдары) туралы баяндалған фильм арқылы Қазақстанды таныды. Енді бұл фильм халықаралық «Оскар» сыйлығына ұсынылды деген жақсы жаңалыққа көрермендер қатты қуанды Әлеуметтік ғылымдар, Өнер факультетінің студенттері өздері үлгі тұтатын құрметті азаматтарға сұрақ қойып, ой-пікірлерін қызығушылықпен тыңдадыСамғау биігінен көрініп жүрген талантты азаматтар шығармашылық жаңалықтарын, кино, поэзия әлеміндегі сыр толғау, мамандыққа қатысты ақыл-кеңестерін айтты Кең соңында департамент директоры Л.Есентаева жетістік, қуаныштарымен бөліскен Ә.Ахметов пен С.Сейітманға сый-сыяпат табыстап, алтын уақыттарын арнағандарына алғысын білдірді

 

ХҚТУ ақпарат орталығы

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Май 2018=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея