Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

Жас туристер станциясы ауқымды істер атқаруда

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2017-09-30

Мектеп оқушыларын салауатты өмір салтын ұстануға, туған өлкені танып-білуге, мектепте алған дене тәрбиесі мен денсаулығын жақсартудағы білімін молайту, туризмге құштарлығын ояту мақсатында, "Туған жер" бағдарламасы аясында  тамыз айы мен қыркүйек айының аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық жас туристер станциясы бірнеше іс-шаралар өткізді. Атап өтер болсақ: "Балалар туризмі күні" мерекелік іс-шарасы кең ауқымда аталып өтті. Балаларды аталған салаға қызығушылығын арттыру мақсатында көптеген мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Жарыстарға қатысып,бағын сынады. Одан кейін  "Ақ желкен" облыстық туристік су жарысы өтті.  Балалардың су спортына деген ынтасын ояту мақсатында ұйымдастырылған шараға қатысушылардың қарасы қалың  болды. Бүгінде аталған жас туристер ұйымна мүше болуға талпынатын оқушылардың қатары көп. Олар өздерін қызықтырған салаға қатысты түрлі кітаптарды оқып, саяхаттау мен туризмге қатысты түрлі сауалдарды оқып біледі. Аталған іс-шаралардың қатысушылар мен қонақтардың көңілінде үлкен əсер қалдырғаны сөзсіз. 
Станцияның іс-шаралары мұнымен аяқталмай өз жалғасын табуда. 27-30 қыркүйек аралығында Біркөлік шатқалында "Ұлы Дала Ұландары" атты ашық облыстық туристік жарысы өтуде  жəне 1-4 қазан аралығында ұлағатты ұстаздар мерекесіне орай мұғалімдер арасында облыстық туристік жарыс өткелі жатыр.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қаз 2018=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

9

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея