Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

Жас отбасыларға сыйлық тапсырылды

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2017-09-30

Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент  қаласының туған күніне орай түрлі мәдени іс шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі  «Отбасы аллеясында» жас отбасын құрғандарға неке куәлігі салтанатты түрде тапсырылды.  «Қала күніне» орай ұйымдастырылған шарада 10 жас жұбайға салтанатты түрде неке қию куәлігі тапсырылып, гүл шоқтары мен сыйлықтар табысталды. 

Жас жұбайларды Шымкент қаласы әкім аппаратының басшысы Рашид Аюпов құттықтап, сөз сөйледі. 

– Құрметті қауым, бүгін бәріміз үшін қуанышты күн. Әсіресе, жас жұбайлардың ата-анасы үшін ерекше күн. Жастар бір-бірімен жарасып, отау құруға бел буыпты. Сіздер жаңа өмірдің есігін ашып, табалдырығын аттағалы тұрсыздар. Құрметті жастар, сіздерді заңды некелеріңізбен құттықтаймын! Махаббаттарыңыз баянды да тәтті болсын. Өмірлеріңіз күндей, көңілдеріңіз гүлдей, армандарыңыз асқар таудай болсын. Тату да тәтті өмір сүріңіздер! – деді Р. Абатуллаұлы. 

Жаңа өмірге қадам басқан жас жұбайлардың ішінде бір-екеуін сөзге тартқан едік. Нұрсұлтан Оңжігітұлы мен Гүлбану Әбдірашиттің үйленіп, отау құрғанына небәрі бір жеті болыпты. Қалыңдық бұл шараға қазақша көйлек пен камзол, ұлттық әшекей бұйымдарын, ақ жаулығын тағып келіпті. «Ата-енем теледидардағы жаңалықтардан бізді көрген кезде «ұят болмасын!» деп басымнан орамалымды тастамадым», – дейді Гүлбану. Ал Нұрсұлтан болса: «Дүйім жұрттың алдында осылай неке қию бізге үлкен жауапкершілік жүктейді», – дейді. Айта кету керек, 2016 жылдың 8 айында 4670, ал 2017 жылдың 8 айында 4356 неке қию туралы құжат тіркелген.

Мөлдір Кенжебай

 

 

 

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Там 2018=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

8

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея