Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: shymkent.gov.kz

Шымкенттің оқушысы халықаралық байқаудан жеңіспен оралды

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2018-02-12

Шымкент қаласындағы №1 балалар саз мектебінің оқушысы Даниал Бектай Әбу-Дабиде өткен халықаралық байқауда лауреат атанып қайтты.

 

Жуырда Біріккен Араб Әмірлігінің астанасында «Abu Dhabi Music competetion» атты халықаралық байқау өткен болатын. Бұл өнер сайысына Қазақстан, Италия, Ұлыбритания, Мальта, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан мен Біріккен Араб Әмірліктері сияқты бірнеше елден үміткерлер қатысты. Осы сайысқа Қазақстанның атынан қатысқан Даниал «Аспаптық музыка» номинациясы бойынша сынға түскен еді.

 

Жас өнерпаз фортепиано аспабында аустриялық ұлы композитор Фридерик Шопеннің «Вальсі» мен қазақтың дарынды қызы, композитор Ғазиза Жұбанованың «Прелюдиясын» аса жоғары деңгейде орындап шықты. Әділқазылар қазақ баласының өнеріне тәнті болып, жоғары баға берді. Осылайша Даниал Бектай өзгелерден оқ бойы озып шықты. Айта кетейік, дарынды оқушы саз мектебінің белгілі педагогы Раушан Қожайсақованың сыныбында дәріс алады.

 

 

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Жел 2018=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея