Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

Басты мақсат – экспортты ұлғайту-2

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2018-07-08

 «Шымкентмай» «КЭГ» АҚ айналым қаражатын толықтыру үшін экспортқа дейінгі қаржыландырудың алғашқы траншын алды. Экспортты ұлғайту үрдісін көре отырып, компания «KazakhExport» компаниясымен ынтымақтастықты жалғастыруды жоспарлап отыр. «Біздің кәсіпкерлеріміз, өкінішке орай, «KazakhExport» қызметін белсенді пайдаланбайды. «Бәйтерек» ұлттық холдингі құрамына кіретін осы экспорттық сақтандыру компаниясының қызметі экспорттауды ілгерілету, атап айтқанда, экспорттық келісімшарттарды сақтандыру, экспортты ынталандыру, өнімдерді экспорттау үшін пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау болып табылады», – дейді Түркістан облыстық Кәсіпкерлер палатасының  жобаларды сүйемелдеу  бөлімінің басшысы Олжас Жансейітов. KazakhExport сақтандырудың артықшылықтарын сезінген Түркістан облысындағы алғашқы компаниялардың бірі «Хлопкопромцеллулоза» жергілікті мақта өңдеу компаниясы болды. Индустриалды аймақта орналасқан кәсіпорын  экспорттаушының несиесін және экспорт алдындағы қаржыландыруды сақтандыру сияқты қаржылық сақтандыру өнімдерінің артықшылығын пайдаланды. «KazakhExport» компаниясының кейбір сақтандыру өнімдерін қолданған Кентау трансформатор зауыты шетелдік әріптестер зауытпен есептеспеген жағдайында көмектескен. Бүгінгі күні зауыт трансформаторларды Ресейдегі дистрибьюторларға сатуда. Кәсіпкерлер палатасының сарапшыларының пікірінше, оңтүстікқазақстандық бизнестің басты мәселесі арзан айналымдағы капиталдың жоқтығы болып табылады. Осыған орай «KazakhExport» шынымен де көмектесе алады.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қар 2018=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Галерея