Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

Мал шаруашылығын дамыту басты міндет

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2018-07-31

Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданында бүгінде мал шаруашылығын дамыту үшін жоспарлы жұмыстар жалғасып келеді. 2011-2018 жылдар аралығында барлығы 2998 бас ірі қара мал алынды. Мал шаруашылығын дамытудың 2014-2018 жыл аралығындағы орындалуына көз жүгіртсек,  «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 1170 бас уақ мал, «Құлан» бағдарламасымен 582 бас жылқы, табынға алынған асыл тұқымды бұқа саны 100- ге жетіп, алынды. Осы бағдарламалар бойынша жанұялық 71 сүт фермасы және 1250 бірлік мал бордақылау алаңы салынды. Жаңадан құрылған сүт қабылдау бекеттері саны 13 бірлікке жетті. Бағдарлама аясында ауданда 2 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, қазіргі таңда өз жұмыстарын тиімді атқарып отыр. Соның бірі «Майлыкент сүт» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі аудан тұрғындарынан күніне 5,0 тоннадан астам сүт қабылдап, оны қайта өңдеп, одан айран, сүт, қаймақ, құрт, сары май, ірімшік және тағы басқа 12 өнім түрлерін шығарып отыр. Сондай-ақ, өндірістік кооператив аудандағы «Дос би» ЖШС-індегі мал шаруашылығымен бірлесіп жұмыс атқарып 350 бас сауынды сиыр бағуда. Олардан алынған сүт өнімдерінен де қайта өңдеп, аудан және облыс халқын жоғары сапалы, экологииялық таза өнімдермен қамтамасыз етіп отыр.

Ж.Жанұзақов

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қыр 2021=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

7

8

9

10

11

12

13

14

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Галерея