Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: ontustyk.gov.kz

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ӘКІМШІЛІК ІСКЕРЛІК ОРТАЛЫҚТАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

1006 просм. 👤Saq.kz 1 коммент. 🕔2018-12-20

Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыс орталығы - Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында бой көтеріп жатқан 26 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. 1536 пәтерден тұратын баспаналардың 1200 пәтері (20 тұрғын үй) арендалық үйлер болса, қалған 6 тұрғын үй, яғни 336 пәтер кредиттік баспаналар қатарында.

Іргетасы осы жылдың қыркүйек айында қаланып, мемлекеттік бюджет есебінен салынып жатқан 60 пәтерлі 20 тұрғын үйдің 11-і (660 пәтер) 2019 жылдың сәуір айында тапсырылады. Ал 9 тұрғын үй (540 пәтер) келер жылдың қараша айына ел игілігіне берілмек. Кредиттік көпқабатты 6 тұрғын үйдің (336 пәтер) құрылыс жұмыстары 2019 жылдың маусым айында аяқталып, пайдаланылуға тапсырылады.

Жаңа әкімшілік-іскерлік орталықта мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 280 орындық жаңа балабақшаның құрылысы да халық игілігіне тапсырылды. Сондай-ақ, 900 орындық мектептің есігін жаңа оқу жылына дейін ашу жоспарлануда.

Жаңа облыс орталығы Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік аймағында қазір жаңа әкімшілік ғимараты, басқармалар және департаменттер үйлері, сондай-ақ, 5 жұлдызды «Риксос» қонақ үйінің құрылысы басталып кетті.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

ПІКІР (1)

  1. 🕔2022-01-03 20:42:56

    purchase cialis online

    Комментарий находится на модерации.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қаң 2022=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

6

7

8

9

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея