Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

«Алтын күз-2019» мерекелік шарасы өтті

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2019-10-18

Бүгін Төлеби ауданында «Алтын Күз-2019» ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің мерекесі өтті. Аудандағы 12 ауылдық округтердің шаруа қожалықтары аудан орталығына жиналып, өнімдерін жәрмеңкеге қойды.


Салтанатты шараға, аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, аудандық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Қойбағаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев, аудан тұрғындары мен қонақтары қатысып, керемет кештің куәсі болды.

Ауыл шаруашылығы және өңдеуші өнеркәсіп еңбеккерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Сержан Дауылбайұлы сала мамандарының өз ісіне деген адалдығы ең жоғарғы құрмет пен қошеметке лайық екендігін айтты.

Шара барысында ауыл шаруашылығы саласында жоғары көрсеткiшке қол жеткiзген ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері, шаруа қожалықтары аудан әкімінің алғыс хатымен және аудандық мәслихаттың грамотасымен марапатталып арнайы сыйлықтар табысталды.

Іс-шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, аудан жастары қазақша күрес, қошқар көтеру және қол күрес сынды спорт түрлерінен күш сынасты.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Нау 2020=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

2

5

6

7

9

15

16

17

18

20

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея