Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

Өз бетінше емделу өте қауіпті...

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2021-08-03
Шымкенттік дәрігерлер тұрғындарды өз бетімен ем қабылдамай, ең алдымен, ауруханаға баруға шақырады. Бүгін Шымкенттегі ақпараттық-коммуникация орталығында қаладағы емхана басшыларымен брифинг өтті. Дәрігерлер үй жағдайында өзін-өзі емдеудің соңы қайғылы жағдайға алып келеді деп отыр. Ақ халаттылар қаладағы емдеу кабинеттерінде адамдар коронавирустық инфекция емінің протоколына қарсы инъекция жасайтын жағдайлар жиілеп кеткенін айтады. Махамбет Бейсеуов, Шымкент қалалық №1 емхананың бас дәрігері: "Бүгінде қаламызда амбулаторлық-емханалық ұйымдар желісі 41 МСАК МҰ-мен ұсынылған, оның ішінде 14 -і мемлекеттік ұйым, және 27-сі жекеменшік. Бірақ мемлекеттік, жекеменшік болғанына қарамастан тұрғындарға бастапқы көмек көрсетуде. Бүгінгі таңда 211 мобильді топ жасақталған. Әрбір 5 мың халыққа бір мобильді топ жұмыс атқаруда". Бүгінде процедуралық кабинеттердің жұмысы қызып тұр. Басы ауырып, балтыры сыздағандардың бәрі ауруханаға емес, осы бөлімде емделгенді құп көреді. Онда тіпті дәрігердің емдеу нұсқаулығының бар жоқтығына да қарамайтын көрінеді.  Шымкенттік дәрігерлер коронавирусқа қарсы өзін-өзі емдеудің қандай қауіп-қатері бар екенін ескертеді. Жадыра Агишанова,  «Шымкент теміржол ауруханасы» ЖШС-нің директоры: "Кейбір кісілерде температурасы түспей 1-2 күн, содан кейін тағы да шағымдары қосылуы мүмкін. Сондықтан мобильді бригада барған күні сол кісінің жағдайын қарап, баға жасап, сосын барып КТ бар ма, ол кісіні апаруға болады ма, болмайды ма? Ең бастысы КТ түсіру, себебі ол тек өкпесінде сырыл болса, өкпесіне шағым келсе, дәрігер келгеннен кейін мобильді топтың машинасымен КТ-ға барып түсіріледі". Қалалық емханаларда мобильді бригадалар жұмыс істейді. Дәрігерлер тек тиісті дәрігерлерге жүгінуге шақырады. COVID-бұл қауіпті ауру, сондықтан өзін-өзі емдеу, оның ішінде антибиотиктердің көп мөлшері өлімге әкеп соғуы мүмкін. Айгүл Қылышбаева,Шымкент қаласы №6 емхананың бас дәрігері: "Мобильдік топтар ковид індетін емдеу, қалай емдеу керек екендігі бойынша клиникалық протоколдармен оқытылған, даярланған. Осындай мобильдік топтар таңғы 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін соңғы науқасқа дейін медициналық көмекті көрсетіп, барлық ПЦР анализдерді қабылдап, жинақтап, ары қарай 14 күнге бақылауға алып медициналық көмекті көрсетіп жатыр". Ақ халаттылар өз бетінше ем қабылдау қауіпті екенін айтып отыр. Қандай да бір белгі байқала қалған жағдайда мобильді топқа немесе жедел жәрдем шақыру дұрыс дейді.  Сонымен қатар, коронавирусқа қарсы негізгі қорғаныс вакцина екендігін айтады. Екпені аптаның демалыс күндеріне қарамай вакцинация пунктінде жасауға болады.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қыр 2021=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

7

8

9

10

11

12

13

14

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Галерея