Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

«Шеврон»: Әлеуметтік жобалардың әлеуеті жоғары

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2021-08-05
«Шеврон» компаниясының әлеуметтік жобалар бойынша серіктестерімен кездесу өтті Қазақ журналистерінің білім, білігін дамытып, таным көкжиегін кеңейтуіне барынша жағдай жасап жүрген Түркітілдес журналистер қорының жобаларының берері мол. Заман талабына сай білімін жетілдіруге құлшынысы басым қалам ұстаған қауымға аса құнды сабақтар сериясы жалғасын табуда. Күні кеше «Шеврон» компаниясының серіктестігі бірігіп жүзеге асырған «Qolda» шұғыл көмек бағдарламасының гранттарына ие болған үш ұйым өз жұмыстарының нәтижелерімен таныстырды. Онлайн кездесудің өтуіне мұрындық болған Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы. Вебинарда "Заң талабы" құқық қорғау орталығы" қоғамдық бірлестігі, "Жанұя" отбасы институты» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан медицина жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндады. 100-ге жуық журналист қатысқан вебинарда аталған жобаның нәтижесімен танысып, жоба жеңімпаздарының жетістігі сараланды. Бүгінгі таңда өте өзекті болып отырған мәселелердің тінін тарқатып, алдын алу үшін атқарылып жатқан жұмыстарды жоба жетекшілері кезең кезеңімен баяндап өтті. Аталмыш жобалардың барлығы да бүгінгі күні күйіп тұрған, өте өзекті мәселелердің алдын алуға бағытталған. Мәселен, жасөспірімдердің суицидке баруы, агрессорлардың зорлық-зомбылығына ұшыраған жандарға қол ұшын созу, отбасы институтының қоғамдағы рөлі, тұрғындардың психологтарға жүгіну әдебін қалыптастыру, коронавирус пандемиясымен күресу аясында медицина саласында еріктілікердің жұмысын жандандыру бағытындағы жұмыстар ауыз толтырып айтарлықтай дәрежеде атқарылыпты. Аталған мәселелер шеңберінде жоба қатысушылары тарпынан психологиялық, медициналық, заңдық тұрғыда кеңестер беріліп, көмек көрсетіліп келеді. Алыс ауыл аймақтарды да қамтыған жоба барысында отбасындағы кикілжіңнің тінін тарқату, ер адамдардың психологқа келуін ерсі көретіндері де тілге тиек болды. Осы тарапта жоба жетекшілері түрлі түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық парақшалар таратқан. Қоғамдағы келеңсіздіктердің жою үшін аттандап емес, осылайша ауқымды жұмыстар атқарып іспен дәлелдеу маңызды. Бұл тарапта қоғамдық бірлестіктердің жұмысы мақтауға тұрарлық-ақ...

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қыр 2021=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

7

8

9

10

11

12

13

14

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Галерея