Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

Мәдина Ермаханбетова «Жүректен-жүрекке» қайырымдылық акциясын өткізді

68 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2021-11-20

Шымкенттік бас дәрігер, халық қалаулысы Мәдина Ермаханбетова тұл жетім және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына арнап «Жүректен-жүрекке» қайырымдылық акциясын өткізді. Медицина қызметкері жеткіншектерге мерекелік дастархан жайып, ата-аналарына азық-түлік таратты.

Мадина Сейфуллақызы бұл мерекелік дастарханға үй жағдайында білім алатын мүмкіндігі шектеулі балалар мен ата-аналарын арнайы шақырыпты.Жалпы қайырымдылық шарасына 100-ге жуық бала қатысты.Олардың барлығына да түрлі сыйлықтар тарту етілді. Кеш барысында балғындар театрланған көрініс тамашалады. Сондай-ақ ән айтып, би биледі. Игі іс шараның өткізуіне мұрындық болған халық жанашары М. Ермағанбетова осылайша балаларға қуаныш сыйлағыс келген.

«Балаларымызға қамқорлық көрсетіп, олардың бойына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастырғымыз келді. Жеткіншектерді кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулуға үлес қосуды мақсат тұттық»,- дейді Мадина Ермағанбетова.

Айта кетейік, қалалық гипербариялық оттектеу орталығының бас дәрігері Мадина Ермағанбетованың бастасымен «Жүріктен-жүрекке» қайырымдылық акциясы жыл сайын ұйымдастыралады.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қаң 2022=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

6

7

8

9

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея