Әлеумет Омикронның шаш арқылы жұғуы мүмкін бе? Редактор 21.01.2022 3043 1 оқу мин WhatsApp мессенджерінде коронавирустың «омикрон» штамы адамнан адамға шаш арқылы жұғатыны туралы дыбыстық хабарлама тарауда. Алайда бұл ақпарат жалған, деп хабарлайды Stopfake.kz. Алдымен Sars-CoV-2 вирусының басқа нұсқалары сияқты омикрон да адамның шашында болуы мүмкін екендігін атап өтейік. Алайда, мұндай бетте патогендер өте қысқа ғана уақыт өмір сүреді және осылайша ауру жұқтыруыңыз екіталай. Бұл тиісті ғылыми зерттеулермен расталған. – SARS-CoV-2 коронавирусы және оның барлық нұсқалары ауа-тамшы жолдарымен, тыныс алу, жөтелу және түшкіру арқылы беріледі. Сондықтан біз әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар көп жиналатын орындарға бармау, бетперде тағу қажет деп айтамыз. Коронавирустық инфекцияның алдын алудың ең тиімді әдістері вакцинация және ревакцинация болып табылады, – деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев. Айта кетейік, ғалымдар үй жануарлары түгі арқылы вирусты таратуы мүмкін бе деген сұрақты да зерттеді. Нәтижесінде сарапшылар патогеннің бұл жолмен таралуы екіталай деген қорытындыға келді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ Әлеумет ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ 26.03.2024 1254 ЖАҢАРУ КҮНІНДЕ СОЗАҚ АУДАНЫНДА 4 МЫҢНАН АСТАМ АҒАШ КӨШЕТІ ЕГІЛДІ 1 оқу мин Әлеумет ЖАҢАРУ КҮНІНДЕ СОЗАҚ АУДАНЫНДА 4 МЫҢНАН АСТАМ АҒАШ КӨШЕТІ ЕГІЛДІ 19.03.2024 2484 Түркістан: Балалар ауруханасының ішінен ойын алаңдары ашылды 1 оқу мин Әлеумет Түркістан: Балалар ауруханасының ішінен ойын алаңдары ашылды 19.03.2024 3951