Саясат Болат Назарбаев «Алтын Орда» базары үшін мемлекетке өте аз салық төлеп келген Редактор 28.01.2022 4931 1 оқу мин Еліміздегі ең ірі базар саналатын «Алтын Орда» базары мемлекетке соңғы 7 жылда 400 миллион теңгеден аспайтын қаржы аударған. Бұл мұхитқа тамған тамшы секілді дейді мамандар. Өйткені бұл өте қарапайым, жылына 500 миллион теңгеге дейін табысы бар шағын кәсіпорынның төлейтін салығымен пара-пар екен. «Алтын Орда» ЖШС қаңтардың 26-сы күні таратылғанын Экспресс К бұған дейін жазды. Алматы облысының Қарасай ауданында орналасқан «Алтын Орда» базарының жалпы аумағы — 180 000 шаршы метр. Алайда күніне мыңдаған адам сауда жасайтын алып базардың мемлекетке төлеген салығы күмән тудырады. Соңғы 7 жылда «Алтын Ордаға» иелік ететін екі кәсіпорын бюджетке 400 миллион теңгеге жуық қаржы аударыпты. Қарасай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметінше, бұл нысанға Болат Назарбаевтың тікелей қатысы бар. «Altyn Orda Qaz Trade Ltd» ЖШС-іне Елбасының інісі 2014 жылдан 2021 жылға дейін иелік еткен. Алайда Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде серіктестіктің қожайыны өзгерді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ 1 оқу мин Саясат ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ 07.04.2024 3648 БЕЙЖІҢДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ NAURYZFEST ӨТКІЗДІ 1 оқу мин Саясат БЕЙЖІҢДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ NAURYZFEST ӨТКІЗДІ 31.03.2024 4405 ТҮРКІСТАНДА «ҒАСЫР ДАНАСЫ – ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТІП ЖАТЫР 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАНДА «ҒАСЫР ДАНАСЫ – ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТІП ЖАТЫР 29.03.2024 3754