Әлеумет Енді директор қабылдамайды: Білім министрі мұғалімдерге қатысты маңызды жаңалықпен бөлісті Редактор 07.02.2022 5016 1 оқу мин Биыл мұғалімдерді жұмысқа алу конкурсы электронды форматқа ауыстырылады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. «Былтыр педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа қағидалары әзірленіп, қабылданды. Қысқаша айтқанда, бұдан былай директорлардың өз қалауы бойынша мұғалімдерді өзі жұмысқа қабылдауға мүмкіндігі болмайды. Енді нақты критерийлер белгіленіп, мұғалімдер жұмысқа қызметінің нәтижесі мен жетістіктері негізінде конкурс арқылы орналасады. Биыл бұл рәсім цифрлық форматқа көшіріледі», – деп жазды Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында. Осы орайда министр есеп беруді азайту және мұғалімдерді артық жұмысқа тарту мәселесі қатаң қадағаланатынын ескертті. “2021 жылы жаңа заңның нормаларын бұзғаны үшін (артық есептерді талап ету, қызметтік міндетіне жатпайтын жұмысқа тарту және т.б.) білім беру ұйымдарының жүздеген басшысын және өзге де лауазымды тұлғаларды жазалауға тура келді. Бұл жұмыс жалғасатын болады», – деді Аймағамбетов. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАНДА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ 23.04.2024 2071 «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: СОЗАҚ АУДАНЫНДА 1500 ТҮП ГҮЛ КӨШЕТТЕРІ ЕГІЛДІ 1 оқу мин Әлеумет «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: СОЗАҚ АУДАНЫНДА 1500 ТҮП ГҮЛ КӨШЕТТЕРІ ЕГІЛДІ 23.04.2024 862 Психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана ұйымдастырған күдікті ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана ұйымдастырған күдікті ұсталды 22.04.2024 1214