Саясат Енді мектептерде «өзін-өзі тану» міндетті пән ретінде оқытылмайды Редактор 17.02.2022 2559 1 оқу мин 2022 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан мектептерінде “өзін-өзі тану” таңдау пәні ретінде оқытылмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, ведомствоға пәнді мектеп бағдарламасынан шығару туралы ұсыныстар келіп түсіп жатқан көрінеді. “Қазіргі уақытта ҚР БҒМ Ұлттық білім академиясы аталған міндетті пәнді мектептерде келесі оқу жылынан бастап факультативтік санатқа ауыстыру бойынша жоба енгізді. Яғни қыркүйектен бастап «өзін-өзі тану» пәнін бұрынғыдай 1-11 сыныптар емес, тек бір сыныпта ғана оқушылардың таңдауы бойынша оқыту жоспарланып жатыр”, – делінген хабарламада. Пәнді факультативтік тізбеге ауыстыру бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын жаңарту және білім алушылардың оқу жүктемесін азайту жөніндегі шаралар шеңберінде жүргізілетін болады. Айта кетсек, “Өзін-өзі тану” бағдарламасының авторы – Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Назарбаева. Пән алғаш рет 2001 жылдан бастап сынақ жоба ретінде Қазақстанның мектептеріне енгізіле бастады. 2010 жылдың басында «Өзін-өзі тану» пәні 10500 білім беру мекемесінің 184-інде оқытылды. Ал 2010-2011 оқу жылынан бастап «Өзін-өзі тану» міндетті пән ретінде енгізілді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИЗМ ӘЛЕУЕТІ САМАРҚАНДА ТАНЫСТЫРЫЛУДА 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИЗМ ӘЛЕУЕТІ САМАРҚАНДА ТАНЫСТЫРЫЛУДА 24.03.2024 1645 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӘКІМДЕР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЖҰМЫСҚА ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛДІ 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӘКІМДЕР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЖҰМЫСҚА ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛДІ 18.03.2024 2303 ТҮРКІСТАНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЙЛАУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЙЛАУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ 03.02.2024 14553