Әлеумет Инвестициялық штабта 7 жоба қаралды Редактор 18.02.2022 3943 1 оқу мин Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылған жиынға жауапты сала жетекшілерi мен кәсіпкерлер және инвесторлар қатысты. Жиында шетелдік және жергілікті кәсіпкерлердің қатысуымен жүзеге асырылатын 7 инвестициялық жобаның мәселесі қаралды. ▪️Олардың бірі — жүкті әйелдерді тәулік бойы бақылайтын телемедицина орталығы. Инвестициялық жоба туралы польшалық инвестор Евгениуш Форманюк таныстырып өтті. Жобаның инвестициялық құны 1,44 млрд. теңгені құрайды. ▪️Онлайн арқылы байланысқа шыққан ивестордың бірі пакистандық кәсіпкер Шоаиб Басра. Ол құны 2 млн АҚШ доллары болатын мұздатқыш камералар мен қойма кешені жобасын таныстырды. ▪️Штабта бұдан бөлек, полимерлі құбырлар өндірісі, құлпынай мен көкөністерді жыл бойы өсіру бойынша жылыжай кешенінің құрылысы, емхана құрылысы, «Шымкент сити» аумағында сауда-ойын-сауық кешені сынды 5 инвестициялық жобаның мәселесі қаралды. Барлық жобалардың жүзеге асырылу барысы мен мәселелері талқыланған жиында шаһар басшысы әкімдік тарапынан әрбір жобаның жүзеге асырылуы бойынша тиісті қолдау көрсетілуін және құжаттарының рәсімделуі бойынша сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар берді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНДЕ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 1 оқу мин Әлеумет «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНДЕ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 23.04.2024 695 «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ОТЫРАРДА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ АТҚАРЫЛУДА 1 оқу мин Әлеумет «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ОТЫРАРДА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ АТҚАРЫЛУДА 23.04.2024 980 ТҮРКІСТАНДА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАНДА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ 23.04.2024 2378