Әлеумет Алматы мен Ташкент арасында жылдам пойыз жүретін болды Редактор 28.03.2022 2991 1 оқу мин Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасына «Нүкіс – Бейнеу – Нүкіс» бағыты бойынша алғашқы халықаралық жолаушылар пойызы қатынай бастайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Өзбекстан темір жолдары АҚ мәліметінше, 2022 жылдың 2 мамырынан бастап Алматы-2 – Ташкент – Алматы-2 («Тальго-Тұлпар») бағытымен аптасына үш рет № 1/2 тұрақты жылдам пойызы ұйымдастырылады. «Қазақстан темір жолы» ұлттық тасымалдаушысымен (Қазақстан темір жолы) тиісті келісімдер жасалған. Ташкенттен келетін бұл пойыз сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері жүреді. Ал Алматыдан Өзбекстанға дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері жолға шығады. Атап өтілгендей, билеттерді электронды форматта және теміржол кассаларынан сатып алуға болады. Еске салайық, Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары жерүсті өткізу бекеттері арқылы шекарадан еркін өте алады. «16 наурыздан бастап Өзбекстанның Тәжікстан және Қазақстан шекарасындағы жерүсті өткізу пункттері арқылы барлық адамдардың өтуіне қойылған уақытша шектеулер алынды», – деп мәлімдеді Өзбекстан көлік министрлігі. Сондай-ақ екі елдің қалалары арасында тұрақты автобус және теміржол қатынасы қалпына келтіріліп жатыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНА 49 КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ 1 оқу мин Әлеумет ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНА 49 КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ 25.04.2024 827 ЖЕТІСАЙДА ТЕАТР ӨНЕРПАЗДАРЫ «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ 1 оқу мин Әлеумет ЖЕТІСАЙДА ТЕАТР ӨНЕРПАЗДАРЫ «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ 24.04.2024 1772 «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТӨЛЕБИЛІК СПОРТШЫЛАР СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ Әлеумет «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТӨЛЕБИЛІК СПОРТШЫЛАР СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ 24.04.2024 1474