Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: facebook

Өскемендегі мектепте мұғалімдерге жалақы ретінде 5 теңге берген

112 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2022-05-06

Өскемендегі мектептердің бірінде мұғалімдерге белгіленген жалақыдан 50 пайызға төмен жалақы төленді. Кейбіріне тіпті 5 теңге ғана аударылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24". Телеарна мәліметінше, есепті оқу орнының есепшісі жүргізген. Тексеру барысында бұрын 20 миллион теңгеге дейін артық төлем жасалғандықтан, қызметкерлердің лауазымдық жалақыларынан қомақты сома ұсталғаны белгілі болды. Ұстаздардың айтуынша, олар осы уақытқа дейін артық ақша алып келгенін білмеген. Жұмыс беруші де оларға жалақы туралы мәлімет бермеген. Дегенмен қалалық білім бөлімінің экономистері мұғалімдер жалақысына егжей-тегжейлі қайта есептеулер жүргізіп, жанжалды соттың араласуынсыз шешуге уәде беріп отыр. "5 теңге аударғандарына таңғалдым. Басшылыққа жүгіндім. Олар аудармағанын, бір қателік болғанын айтты", – деді бастауыш сынып мұғалімі Ольга Шмидт. Еңбек департаменті мамандарының айтуынша, бұл бюджет қаражаты, кез келген жағдайда өз еркімен жалақысынан ұстап қалуға рұқсат беруі керек. "Әрине, барлық соманы ұстамайды. 50 пайызға дейін ұстауға болады, болмаса сот арқылы шешіледі", – деді Өскемен қалалық білім бөлімінің басшысы Сәуле Алагузова.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ» акциясы өтті

2022-05-27: Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ» акциясы өтті 9 0

2022-05-27: Түркістан облысында «Айбын–2022» VIII облыстық әскери-патриоттық жарысы өтті 18 0

2022-05-27: АРЫСТА БАЙҚАУ ОРТАЛЫҒЫ РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗДІ 27 0

2022-05-27: ТЕМІРЖОЛШЫЛАР РЕФЕРЕНДУМҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ 23 0

2022-05-27: «AMANAT»: ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ «ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРАЙ 10 000 ҚАДАМ» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ 27 0

2022-05-27: Новые возможности инвестиционной активности 35 0

2022-05-27: Этот шаг будет способствовать еще большему сближению двух братских стран 25 0

2022-05-27: Казахстан готов в полной мере исполнять все обязательства и совместно реализовывать важные проект 36 0

2022-05-27: В Новом Казахстане большое значение будут иметь стратегические партнерские отношения с соседями 27 0

2022-05-27: По итогам официального визита в Кыргызстан президенты двух стран дали свои оценки на брифинге 24 0

<=Май 2022=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

7

8

10

28

29

30

31

Галерея