Әлеумет Мектеп директоры ұстаздарға аузына келгенді айтқан видео тарады Редактор 30.05.2022 2302 1 оқу мин Қызылорда облысына қарасты Шиелі ауданындағы №219 мектепте болған мұғалімдердің жиналысында үлкен шу болды. Онда директор білім ұясының қызметкерлеріне дөрекі сөйлеп, ұрыс шығарды, деп хабарлайды Экспресс К. Тіпті ауызына келген былапыт сөздерді айтты. Ұстаздар жиналысының видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Онда мектеп басшысы мұғалімдерді менсінбейтіндей көрініп, оларға бейәдеп сөздермен жекіп тастады. Сендер майталман мұғалім болған жоқсыңдар. Бұлар да мұрынбоқ болып келген. Енді келіп, спорт шебері болып отыр ма? — деп ұрысады директор. Ал жарияланған тағы бір бейнежазбада білім ұясының басшысы тіпті сорақы сөйлейді. Барыңдар баратын жерлеріңе. Оңбаған дейін десем, 35 жыл бірге жүрсіңдер. Сендерге сенім жоқ. Айуан, — деп шу шығарады мектеп басшысы. Ал видеодан дөрекі сөйлейтін директорды мұғалімдердің сабырға шақырып жатқаны көрінеді. Алайда ашуға берліген басшы қол астындағылардың сөзін құлағына қыстырмайды. Жиналыс кезіндегі даудың неден туындағанын Экспресс К тілшісі аудандық білім бөлімінің басшысынан сұрап білді. Қазір сол оқиғаға байланысты диекторды шақырдым. Мән-жайды толық анықтағаннан кейін ақпарат беремін. Ол жерде директордың орынбасарына байланысты жиналыс өткізілген. Басшының тәртіптік мәселесі қаралатын болады, — дейді білім бөлімінің басшысы Қанат Әмзеев. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Полиция үйіндегілерге ренжіп, жоғалып кеткен жасөспірімді тапты 1 оқу мин Әлеумет Полиция үйіндегілерге ренжіп, жоғалып кеткен жасөспірімді тапты 28.03.2024 660 МАҚТААРАЛДЫҚ КӘСІПКЕР ЕКІ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ 1 оқу мин Әлеумет МАҚТААРАЛДЫҚ КӘСІПКЕР ЕКІ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ 28.03.2024 1016 ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ Әлеумет ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ 26.03.2024 1549