Әлеумет Енді орыс тілі 2-сыныптан, ағылшын тілі 3-сыныптан бастап оқытылады – Министр Редактор 07.06.2022 4719 1 оқу мин Енді қазақ тілінде оқитын мектептерде 1-сынып оқушысы бір ғана тілді, яғни қазақ тілін меңгереді. Орыс тілі 2-сыныптан, ағылшын тілі 3-сыныптан бастап оқытылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов nur.kz порталына берген сұхбатында айтты. «Зерттеулер мен талдаулар жүргізгеннен кейін біз бірінші сынып оқушысына бірден 3 тілді меңгеру қиын екенін көрдік. Бұл – тиімсіз. Біз бұл мәселеге қатысты шешім қабылдадық. Енді қазақ тілінде оқитын мектептерде 1-сынып оқушысы бір ғана тілді, яғни қазақ тілін меңгереді. Біз баланың алдымен өз ана тілінде оқуды және жазуды үйренуі үшін тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз. Екінші сыныпта бағдарламаға орыс тілі, үшінші сыныпта ағылшын тілі қосылады. Орыс тілінде оқитын мектептерде 1-сыныпта орыс тілі мен мемлекеттік тіл, ал 3-сыныптан бастап ағылшын тілі болады», — деп түсіндірген министр. Әдістеме тұрғысынан алып қарағанда, бұл – дұрыс бағыт екенін де атап өткен ведомство басшысы. Мұндай зерттеулер мен ұсыныстар бұрын да болған, сол себепті оны енгізу жоспарланып отыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ЖЕТІСАЙДА ТЕАТР ӨНЕРПАЗДАРЫ «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ 1 оқу мин Әлеумет ЖЕТІСАЙДА ТЕАТР ӨНЕРПАЗДАРЫ «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ 24.04.2024 1582 «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТӨЛЕБИЛІК СПОРТШЫЛАР СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ Әлеумет «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТӨЛЕБИЛІК СПОРТШЫЛАР СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ 24.04.2024 1293 ШЫМКЕНТТЕ ДЕМАЛУҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ОРЫНДАР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ 1 оқу мин Әлеумет ШЫМКЕНТТЕ ДЕМАЛУҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ОРЫНДАР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ 24.04.2024 3346