Әлеумет Полицейлер есірткі сақтаған егде жастағы ер адамды анықтады Редактор 14.06.2022 2880 1 оқу мин Есті алатын есірткі қылмысымен күрес ешуақытта да тоқтамақ емес. Ауыр қылмыс түрін жататынын білсе де кейбір азаматтар біле тұра заң бұзады. Есірткі қылмысымен күресу мақсатында полиция қызметкерлері күні түні дамыл таппай қызмет атқаруда. Түркістан облысына қарасты Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында, жергілікті тұрғынның есірткі затына ұқсас өсімдікті сақтап жүргенін анықтады. Полицейлер күдіктіні тінту кезінде қағаз орамына оралған есірткі затына ұқсас кептірілген өсімдікті тәркілеп алды. Аталған өсімдікті айғақты зат ретінде алып, сараптама тағайындады. Полиция қызметкерлері аталған жайтты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен,сол тектестермен, прекусорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеді. Сараптама қорытындысына сәйкес ол салмағы 5 грамға жуық «кептірілген марихуана» болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Полиция үйіндегілерге ренжіп, жоғалып кеткен жасөспірімді тапты 1 оқу мин Әлеумет Полиция үйіндегілерге ренжіп, жоғалып кеткен жасөспірімді тапты 28.03.2024 660 МАҚТААРАЛДЫҚ КӘСІПКЕР ЕКІ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ 1 оқу мин Әлеумет МАҚТААРАЛДЫҚ КӘСІПКЕР ЕКІ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ 28.03.2024 1016 ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ Әлеумет ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ 26.03.2024 1549