Әлеумет Мекемеге ұрлыққа түскен үшеу анықталды Редактор 16.06.2022 2718 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық полиция бөліміне ер адам арызданып, өзіне тиесілі ғимаратта тұрған 330 дана жылу батареяларын, құрылысқа қажетті заттарын белгісіз біреу ұрлап кеткенін жеткізді. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 1 500 000-ға жуық теңгені құрады. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Ақпаратты алған бойда тәртіп сақшылары оқиға орнына жетті. Қылмысты ашу үшін сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, бейнебақылау камераларын қарап шықты. Нәтижесінде ұрлық жасаған үш ер адамның екеуі ұсталып, соңғысына іздеу жарияланды. Олардың бірі Өзбекстан азаматы болса, қалған екеуі Нұр-Сұлтан қаласы мен Сарыағаш ауданының тұрғындары. Сондай-ақ күдікті өзбекстандық бұрын сотты болған. Қазіргі таңда ұсталған 2 күдікті қамауда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Анықталғандай таныс үш ер адам түнгі уақытта ғимаратқа кіріп, құрылысқа қажетті заттарды ұрлап, сатып, ақшасын жаратып жіберген. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНДЕ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 1 оқу мин Әлеумет «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНДЕ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 23.04.2024 695 «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ОТЫРАРДА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ АТҚАРЫЛУДА 1 оқу мин Әлеумет «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ОТЫРАРДА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ АТҚАРЫЛУДА 23.04.2024 980 ТҮРКІСТАНДА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАНДА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ 23.04.2024 2378