Әлеумет Полицейлер жергілікті тұрғынның ауласынан есірткі тапты Редактор 16.06.2022 2497 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Түлкібас аудандық полиция бөліміне ер адамнан жергілікті тұрғынның бірі есірткі өсімдігін егетіні және өсіретіні туралы хабарлама келіп түскен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шарасы аясында күдікті анықталды. Тұрғынның ауласын тінту кезінде 7 түп есірткіге ұқсас өсімдік табылды. Аталған өсімдікке сараптама тағайындалды. Нәтижесінде айғақты ретінде алынған зат «қарасора» есірткі өсімдігі болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер сізде, есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАНДА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ 23.04.2024 2071 «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: СОЗАҚ АУДАНЫНДА 1500 ТҮП ГҮЛ КӨШЕТТЕРІ ЕГІЛДІ 1 оқу мин Әлеумет «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: СОЗАҚ АУДАНЫНДА 1500 ТҮП ГҮЛ КӨШЕТТЕРІ ЕГІЛДІ 23.04.2024 862 Психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана ұйымдастырған күдікті ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана ұйымдастырған күдікті ұсталды 22.04.2024 1214