Әлеумет Кәсіпкерлікті қолдауға қайтарымсыз берілетін 1 миллион теңге алып беремін деп алаяқтық жасаған әйел ұсталды Редактор 17.06.2022 1959 1 оқу мин Тегін еттің тек тышқанаулағышта ғана болатынын ескермейтіндердің қара көбейтіп тұрғаны өкінішті. Құқық қорғау органдары қаншама рет ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізсе де ескертпені ескеретіндер аз. Күн сайын алаяқтардың арбауына түсіп қалыпп жатқандар жайлы бұқаралық ақпарат құралдарынан оқып біліп отырса да, аузы күйген үрлеп ішуді үйренейін деп жатқан жан жоқ сықылды. Күні кеше Түркістан облысына қарасты Кентау қалалық полиция басқармасына Түркістан қаласы мен Сауран ауданының тұрғындары арызданған. Арыз айтушылардың базынасы да ауқымды. Олардың айтуынша, алыс танысы кәсіпкерлікті қолдау мақсатында қайтарымсыз берілетін 1 миллион теңге алып беремін деп, әрқайсысынан 300 000 теңгеден алған. Мемлекеттен берілетін ақшадан үміттілер оны заңды жолмен емес, арадағы алаяқ делдалдар арқылы оңай қол жеткіземіз деп ойлаған. Әрине заңсыз тірліктің адымы қысқа. Оңай олжаны осылайша ұзақ күтуге тура келген. Делдал арада 2 жылға жуық уақыт өтсе де, берген уәдесін орындамай, созбалаңдыққа салып жүрген. Жәбірленушілерге келген шығын көлемі 600 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшылары қылмысты ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар алаяқтық қылмысына қатысы бар Кентау қаласының тұрғыны, жұмыссыз әйелді анықтады. Тексеру барысында күдікті мұндай қадамға ақша қажет болуына байланысты барғанын айтты. Қазіргі таңда күдікті әйел қамауда. Оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Бейтаныс адамдарға сеніп ақша арқалатып жіберу әрине ақымақтық. Әрі мемлекеттік бағдарламалар арқылы қарастырылған қаржыларға алаяқтар арқылы аламын деп сенім арту да тура жол емес. Ол үшін алаяқтарды заң басынан сипамайды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНА 49 КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ 1 оқу мин Әлеумет ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНА 49 КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ 25.04.2024 866 ЖЕТІСАЙДА ТЕАТР ӨНЕРПАЗДАРЫ «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ 1 оқу мин Әлеумет ЖЕТІСАЙДА ТЕАТР ӨНЕРПАЗДАРЫ «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ 24.04.2024 1853 «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТӨЛЕБИЛІК СПОРТШЫЛАР СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ Әлеумет «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТӨЛЕБИЛІК СПОРТШЫЛАР СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ 24.04.2024 1488