Әлеумет Құқық қорғаушылар суыққолдыларды құрықтауда нәтижелі жұмыс атқаруда Редактор 17.06.2022 1938 1 оқу мин Түркістан облысының тәртіп сақшылары тұрғындарға ұрлық қылмысының алдын алу үшін үйлеріңізге, дүкендерге, ғимараттарға бейнебақылау камераларын орнатуға кеңе беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді. Алайда дүние-мүлкіне немқұрайлы қарайтындар ұрылардың олжасына айналуда. Дегенмен құқық қорғаушылар суыққолдыларды құрықтауда нәтижелі жұмыс атқаруда. Жуырда Түркістан облысына қарасты Сарығаш аудандық полиция бөліміне ер адам арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, күндіз 16:00 шамасында тұрғын үйіне белгісіз біреу кіріп, жиhаз тартпасында тұрған Өзбекстан Республикасының 1 500 000 сом купюрасын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Ресупубликасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Ақпарат алған бойда тәжірибелі тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетті. Олар жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алады. Нәтижесінде күдікті ретінде бұрын сотты болған жергілікті тұрғын ұсталды. Анықталғандай күдікті ер адам үйде ешкім жоқтығын пайдаланып ұрлыққа түскен. Күдікті қамауда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда ер адамның басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталуда. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА «АЙБЫН-2024» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАНДА «АЙБЫН-2024» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ 19.04.2024 904 Түркістанда 7 мемлекеттің бокс жұлдыздары оқу-жаттығу жиыныны өткізіп жатыр 1 оқу мин Әлеумет Түркістанда 7 мемлекеттің бокс жұлдыздары оқу-жаттығу жиыныны өткізіп жатыр 19.04.2024 864 «КИЕЛІ МЕКЕН»: САЙРАМДА «ЖАНЫС БАБА» КЕСЕНЕСІНДЕ СЕНБІЛІК ӨТТІ 1 оқу мин Әлеумет «КИЕЛІ МЕКЕН»: САЙРАМДА «ЖАНЫС БАБА» КЕСЕНЕСІНДЕ СЕНБІЛІК ӨТТІ 18.04.2024 1247