Әлеумет 8 шетелдік азамат әкімшілік тәртіппен елден аластатылды Редактор 17.06.2022 2430 1 оқу мин Түркістан облысының полицейлері азаматтарға көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделгенін ескертеді. Алайда аталған заңды біле тұра бұзатындар баршылық. Дегенмен заңды білмедім деу жауапкершіліктен құтқармайды. Арнайы іс-шаралардың мақсаты көші-қон заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу және қоғамдық құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігінің жай-күйін бақылауды күшейту болып табылады. Түркістан облысына қарасты Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтау мақсатында, олар жұмыс істейтін немесе тұратын бірқатар құрылыс, басқа да нысандарға тексеру жүргізіп, рейдтік іс-шара өткізді. Нәтижесінде Түлкібас ауданында көрші мемлекеттен келіп, заңсыз жүрген 44 шетелдік азаматты анықтады. Оның ішінде Өзбекстанның 36 азаматы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы «Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, екі тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінінің 517-бабының 5-бөлігін бұзған 8 шетелдік азамат әкімшілік тәртіппен елден аластатылды. Алдағы уақытта да аталмыш бағыттағы іс-шаралар жалғасын табатын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА «АЙБЫН-2024» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАНДА «АЙБЫН-2024» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ 19.04.2024 904 Түркістанда 7 мемлекеттің бокс жұлдыздары оқу-жаттығу жиыныны өткізіп жатыр 1 оқу мин Әлеумет Түркістанда 7 мемлекеттің бокс жұлдыздары оқу-жаттығу жиыныны өткізіп жатыр 19.04.2024 864 «КИЕЛІ МЕКЕН»: САЙРАМДА «ЖАНЫС БАБА» КЕСЕНЕСІНДЕ СЕНБІЛІК ӨТТІ 1 оқу мин Әлеумет «КИЕЛІ МЕКЕН»: САЙРАМДА «ЖАНЫС БАБА» КЕСЕНЕСІНДЕ СЕНБІЛІК ӨТТІ 18.04.2024 1247