Әлеумет Несиесі мен қарызынан құтылу үшін қылмысқа барды Редактор 18.06.2022 3007 1 оқу мин Өзгенің сеніп тапсырған малын сатып жіберген бақташы мал иесі 16 миллион теңге шығын келтірді. Қойлардың барлығы да асылтұқымды болған. 200-ден асатын қойдың әрқайсысын 70 мың теңгеден сатып отырған. Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық полиция бөліміне жәбірленуші мал иесі арызданды. Оның айтуынша, оның мал бағатын бақташыларының бірі сеніп тапсырылған асылтұқымды қойларын талан-таражға салған. Қожайын оын арада біршама уақыт өткенде барып бір ақ білген. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 16 000 000 теңгеден асады. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алды. Анықталғандай күдікті жәбірленушінің бақташысы, Арыс қаласының тұрғыны болып шықты. Күдікті былтырғы жылдан бастап бағып жүрген малдарын, яғни бөтеннің мүлкін шетінен сата берген. Айтар уәжі де бар екен. Өзгенің мүлкін талан таражға салғандағы мақсаты өзінің несиелері мен қарыздарын өтеу болыпты. Осылайша қылмысқа барғанын мойындап отыр. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды, оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Бейтаныс адамға мүлкін сеніп тапсыра салудың дұрыс еместігін кейбіреулер бағамдамайтын сықылды. Ақырында барынан айырылып сан соғып қалып жатады. Құқық қорғаушылар күдіктіні ұстап, жазасыз қалдырмайды. Дегенмен тұрғындар әрдайым қырағы болуы қажет-ақ. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «КИЕЛІ МЕКЕН»: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДАҒЫ ЕСКЕРТКІШТЕР АУМАҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ 1 оқу мин Әлеумет «КИЕЛІ МЕКЕН»: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДАҒЫ ЕСКЕРТКІШТЕР АУМАҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ 20.04.2024 508 ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР 16 МЕМЛЕКЕТ АРАСЫНДА ҮЗДІК АТАНДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР 16 МЕМЛЕКЕТ АРАСЫНДА ҮЗДІК АТАНДЫ 20.04.2024 982 ТҮРКІСТАНДА «АЙБЫН-2024» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАНДА «АЙБЫН-2024» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ 19.04.2024 922