Әлеумет Түрлі профилактикалық шаралар ұйымдастыруда Редактор 19.06.2022 2820 1 оқу мин Бұрын күйеуінен зорлық-зомбылық көрген әйелдер көбіне жұрттан ұялып, ол жайтты жасырып қалатын. Қазір жағдай өзгерді. Нәзік жандылар өздерін қорғайтын заңның, түрлі орталықтардың бар екенін түсінді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық бүгінде қоғамда жиі талқыға түсетін тақырыптардың біріне айналды. Соңғы кездері бұл қылмыс түрімен күресуге мемлекеттік емес ұйымдар да тартылуда. Аталмыш қылмыс түрін азайтуға тәртіп сақшылары атсалысуда. Ал осы мәселеге қатысты Ішкі істер органдарының қызметкерлері түрлі профилактикалық шаралар ұйымдастыруда. Түркістан облысына қарасты Созақ ауданы полиция бөлімінің қызметкері, полиция майоры Айжан Манапова ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Онда зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге кеңес берілді. Сонымен қатар құқық қорғау саласы зорлыққа ұшыраған әйелдер мен балаларды қорғайтынын, олар үшін арнайы ұйымдар бар екендігін де ескертті. Тәртіп сақшылары кездесуге келген әйелдерге «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясына қатысты брошюралар таратты. Аталмыш акция алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА «АЙБЫН-2024» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАНДА «АЙБЫН-2024» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ 19.04.2024 563 Түркістанда 7 мемлекеттің бокс жұлдыздары оқу-жаттығу жиыныны өткізіп жатыр 1 оқу мин Әлеумет Түркістанда 7 мемлекеттің бокс жұлдыздары оқу-жаттығу жиыныны өткізіп жатыр 19.04.2024 667 «КИЕЛІ МЕКЕН»: САЙРАМДА «ЖАНЫС БАБА» КЕСЕНЕСІНДЕ СЕНБІЛІК ӨТТІ 1 оқу мин Әлеумет «КИЕЛІ МЕКЕН»: САЙРАМДА «ЖАНЫС БАБА» КЕСЕНЕСІНДЕ СЕНБІЛІК ӨТТІ 18.04.2024 1021