Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: ontustik.gov.kz

Дуальды оқытудың берері мол...

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2016-09-24

Бүгінде техникалық және кәсіптік колледждерде дуальды білім беруді жетілдіру маңызды мәселелердің біріне айналып отыр. Бұл тарапта Оітүстік Қазақстан облысында ілкімді істер атқарылуда. Дуальды білім беру - студенттің теориямен қатар практиканы да қатар алып жүруі бүгінде өте тиімді тәсіл екендігін дәлелдей бастады. Облысымызда дуальды білім беру мәселесімен қазіргі таңда 3 колледж  - Кентау трансформатор зауытының жанындағы Кентау политехникалық колледжі, Оңтүстік Қазақстан машина жасау зауытының жанындағы Оңтүстік Қазақстан индустриалды-инновациялық колледжі , «Шымкент Стандарт» ЖШС жанындағы Инновациялық технологиялық колледжі айналысып келеді. Олар өңіріміздегі ірі зауыттардың жанынан құрылған колледждер. Аталған колледждерде білім алатын жас студенттер әрі оқиды әрі іс-тәжірибеден өтеді. Оқуын бітірген студенттің сол зауытта жұмысқа қалуына мүмкіндігі болады. Бұдан бөлек, дуальды білім беру шеңберінде бүгінгі таңда 10 техникалық және кәсіптік колледждердің - Парасат, Жаңа технологиялар, Шымкент көлік және коммуникациялар, Мирас және Инновациялық - технологиялық колледждерінің студенттеріне практикадан өту үшін 10 кәсіпорын, мәселен ЖШС «Аль-Декей», ЖШС «Арт-Құрылыс», ЖШС «Базис-К», ЖШС «Проект-А», ЖШС «KAZMEDPRIBOR», ЖШС «ЖибекЖолы2008», ЖШС «ШымкентЛокомотивСервис», ЖШС «FCO TRANS» өз келісімдерін берді. Олар студенттердің іс-тәжірибеден өтуіне 500 жұмыс орнын ұсынып отыр. Тараптардың келісімі бойынша 500 студенттің 150-не кәсіпорындар есебінен айлық жалақы төленетін болады. Бұл бағытта облыстық кәсіпкерлер палатасы облыстық білім басқармасымен бірлесіп қызу жұмыстар атқаруда.

 

 

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Ақп 2018=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Галерея