Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: ontustik.gov.kz

ОҚО-да ІІ республикалық журналистер форумы өтті

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2016-10-20

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында «Жаңа ақпараттық саясат: бағдар мен болашақ» атты ІІ республикалық журналистер форумы өтті. Дәстүрлі жалғасын тауып келе жатқан айтулы шараға еліміздің барлық облыстарынан қаламын қару еткен тілшілер қауымы келіп қатысты. Билік пен халықтың арасында алтын көпір болып жүрген тілшелер қоғамдағы оң өзгерістерден бөлек, бүгінгі қазақ журналистикасының жәй-күйін, болашағын талқы таразысына салды. Еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының басын қосқан шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, «Түркістан» газетінің бас редакторы Пәттеев Шамшидин, «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің директор-бас редакторы Жүсіп Нұртөре, Түркия Республикасы «ЖиҺан» ақпарат агенттігінің Қазақстандағы өкілі Иылдыз Доған,  «Жас Қазақ» газетінің бас редакторы Срайыл Смайыл, «Қаламгер - Медиа» орталығы ЖШС атқарушы директоры Әшімжан Жанарбек, «Хабар 24» телеарнасының шеф-редакторы Қожаев Шалқар сынды бірқатар республикалық, облыстық және аудан, қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен ұстаз-ғалымдар, халықаралық ақпарат агенттіктерінің өкілдері қатысты. Алаштың атын шығарып жүрген азулы тілшілердің басын қосқан форумның ашылу салтанатында сөз алған аймақ басшысы Ж.Түймебаев ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өтіп жатқан бүгінгі басқосу – Елбасымыз Н.Назарбаев айқындап берген «100 нақты қадам – Ұлт жоспарын» орындау мақсатындағы маңызды жиынның бірі екенін атап өтіп, болашақ пен ақпараттық саясатқа жаңаша бағдар көрсетуде осынау журналистермен болатын диалог алаңының маңызды екенін жеткізді. Сөз соңында форум жұмысына сәттілік тілеп, ел дамуына өз үлестерін қосып отырған барша журналистерге алғысын білдірді. Азулы тілшілерден сөз артылған ба, қоғамда болып жатқан оқиғаларды жан-жақты талдап, баспасөздің болашағын сөз етті. Телеарналардың да, радионың да бүгінгі күйі назардан тыс қалмады. Сонымен қатар, форумға қатысушылар «Тәуелсіздік құндылықтарын қалыптастырудағы БАҚ-тың маңызы», «Медиакеңістіктегі бәсеке, дәстүрлі БАҚ-тың болашағы» тақырыптары бойынша баяндама жасап, пікір алмасты. 

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Шіл 2019=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея