Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

Жеңімпаз «Бозбала мен бойжеткен» анықталды

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2017-05-27

Бүгінгі жастар белсенді. Оқуда да, еңбекте де, қоғамдық жұмыстарда да. Әсіресе жастар арасында ұйымдастырылатын байқауларда тіптен белсенді. Жалындаған жастар жанып тұрады. Тау қопарардай күшке ие жастардың бұл құлшынысы құптарлық-ақ, әрине. Жуырда облыс орталығында өткен «Бозбала мен бойжеткен» атты сайысқа да барлық жастар белсене қатысты. Бұл өңірімізде талантты жастардың тым көп екендігін байқатса керек. Білім мен өнерді жандарына серік еткен жалындаған жастар сайыстың көрігін қыздырды. Кіл мықты жиылған сайыс аса тартысты өтті. Облысымыздың түкпір түкпірінен жиылған жастар қара жаяу еместіктерін дәлелдеді. Облыстық жастар ресурстық орталығының акт залының сахнасын жастар нағыз өнер сахнасына айналдырды. Театрландырылған көрініс, бір-біріне сезімін білдіру, махаббат шайырларының жырларын оқу сынды бөлімдер аса қызықты өтті. Аталған сайыс облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ тапсырысы бойынша өткізіліп отыр. Ұйымдастырушы «Даму» жастар қоғамдық бірлестігі. Жастардың жанашыры болып табылатын бірлестік осы уақытқа дейін талай керемет сайыстарды ұйымдастырумен ерекшеленеді. Сайыс жыл сайын өткізіліп дәстүрге айналып келеді. Дайындықтары мықты жастар бар өнерлерін ортаға салып, жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Түрлі тақырыптарда сайысқа түсіп, өз бақтарын сынады. Кіл дүлдүлдер жиылған соң да ма сайыс аса тартысты өтті. Әрине байқау болған соң жеңімпаз бар, жеңілген бар. Дегенмен талантты жастардың басым бөлігі жүлдеге лайық-тын. Сонымен аса тартысты өткен байқаудың бас жүлдесін Арыс ауданынан келген жастар жеңіп алса,  1-ші орынды Қазығұрт, 2-ші орынды Сайрам, 3-ші орынды Түлкібас ауданынан келген жастарымыз өз қанжығасына байлады. Сондай-ақ,  6 жұпқа көлемі 15 000 теңгені құрайтын ынталандыру сыйлықтары берілді. Ұлтымыздың салт-дәстүрін дәріптейтін, жастарымыздың санасына қазақылықты ұялататын мұндай іс-шаралар әрі қарай да өз жалғасын табады деген сенімдеміз. Мұндай фестивальдер жастарды қанаттандырып,  ынталандыратыны сөзсіз. Бастысы жастарымыздың ұлттық қайнарынан алыстап кетпей, салт дәстүріне деген беріктігі басым екендігі байқалды.

 

 

 

 

 

 

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Жел 2018=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея