Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

Жас спортшылардың жетістігі көп

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2017-09-27

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысының орталығындағы Мұз сарайы ашылғалы бері осында хоккей командасы жасақталып, мәнерлеп сырғанауға деген қызығушылығы басым жастар көбейіп келеді. Жасөспірімдер арасында қаламызда үш хоккей командасы бар. Олар «Армада» «Торнадо» және ең жасы «Тұран» командасы.  Құрылғанына аз ғана уақыт болса да біраз жетістікке жетіп үлгерді. Мұз үстінде ойқастап, ойын алаңының шаңын шығаратын жасөспірімдер болашақта «Барыс» командасы сынды биік белестерді бағындырамыз деп отыр. Аталған команда сапында 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер өнер көрсетеді. Хоккей командасының аз ғана уақыт ішінде жеткен жетістіктері де біршама. Атап айтсақ, осы жылы Бішкек қаласының әкімінің кубогі үшін  өткен жарыста білікті Бішкек, Томск қалаларының хоккейшілерін артта қалдырып  жүлделі үшінші орын алған. Айтып өтейік, егер сіздің 2009-2010 жылы туылған балаңыз спорттың  хоккей түріне қызығатын болса онда, «Тұран» хоккей командасында өнер көрсетуіне мүмкіндігі бар. Ол үшін қаламызда орналасқан «Мұз сарайына» келіп балаңызды хоккей үйірмесіне берсеңіз жеткілікті. Жанат Байдеу – Бас бапкер  «Жасөсіпірімдердің аталған спорт түріне деген қызығушылықтары орасан.  Осы спорт түрінің қыр сырын меңгеріп,  жаттығудан қалмайды. Таза еңбектің арқасында біраз жетістікке жетіп те үлгерді» дейді. 

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Май 2018=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея