Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

Кәсіпкерлік орталығының сыйлығы бар

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2017-09-27

Оңтүстік Қазақстан облыстық «Ontustik» кәсiпкерлерге қызмет көрсету орталығының» кәсiпкерлiк мектебiнiң оқу курсын тәмамдағандарға арнайы сертификат тапсырылады. Бұл құжат аймақтағы «Ырыс» шағын несие ұйымы мен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ тәрiздi қаржылық институттардан жеңiлдетiлген несие алуға мүмкiндiк бередi.

– Жеке бизнестi ашамын деушiлер өте көп, бiрақ, олардың басым көпшiлiгi жұмысты неден бастау керектiгiн бiле бермейдi. Жеткiлiксiз бiлiм деңгейi мен кәсiпкерлiк сауаттылығының төмендiгi елiмiздегi кәсiпкерлiк белсендiлiгiнiң артуына кедергi болып отырғаны жасырын емес. Ал, бiздiң мектептiң басты мақсаты – олардың бизнес сауаттылығын арттырып, кәсiбiне қолдау көрсету. Бүгiнгi таңда бiздiң бес бизнес-тренерiмiз бар. Бiр кезеңде бiрден 25 адамды оқытып, оқу соңында тыңдаушылардан тест аламыз. Арасында үздiк деп танылғандарына сертификаттан бөлек арнайы сыйлығымыз – кәсiпкерлiк негiздерi бойынша оқу-әдiстемелiк нұсқаулықтар берiледi. Оқуды бiтiрiп кеткеннен соң, үш және алты айда мониторинг жұмыстарын жүргiземiз. Яғни, iсiн жаңадан бастаған кәсiпкер не iстеуде, қандай мәселелер туындауда, қаржылық қиындықтар кездестi ме, мiне, осының барлығын бiлiп, қадағалап отырамыз. Осылайша байланысымыз арта түседi, – дейді «Кәсiпкерлерге қызмет көрсету орталығыныңә басшысы  Асқар Сыдықұлы.

 

Баян Дарғожина

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қаз 2018=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

9

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея