Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

Шығармашылық байқау нәтижесі

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2017-09-30

Биыл «Алаш» қозғалысының 100 жылдық мерейтойы. Бұл – аса елеулі, өте маңызды меже, Қазақ елі мемлекетшілдігінің асыл арқауы. Осы атаулы датаға орай Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сайрам аудандық орталық кітапханада «Дос Демеу» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен кітапхана оқырмандары арасында «Азаттықты аңсаған – арыстарым ардақты!» атты аудандық шығармашылық байқауы өтті. Ел азаттығын аңсаған ұлт зиялыларының есімін мәңгі есте сақтауға үлес қосу, рухани жаңғыру кезеңінде «Алаш» қозғалысы мүшелерінің шығармашылық мұрасын және принциптік көзқарастарын насихаттау, жас ұрпақты отансүйгіштікке, мемлекетшілдікке, өз елін, жерін құрмет тұтуға тәрбиелеу мақсатында өткізілген байқауда оқырмандар жан – жақты білімдерін, өнерлерін көрсетті. Байқау нәтижесінде 10 қатысушының ішінен бірінші орынды аудандық тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері, орталық кітапхананың оқырманы – Ахмед Бекзат иеленіп, 60 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа қол жеткізді және де облыстық байқауға қатысуға жолдама алды. Екінші орынды аудандық «Жастар ресурсттық орталығының» қызметкері Алимов Толымбек, ал үшінші орынды Жібек жолы модельді ауыл кітапханасының оқырманы Амантай Шаяхмет жеңіп алып, олар да ақшалай сыйлықтан құр қалмады. 20 қазан күні өтетін облыстық байқауда Бас жүлдені қанжығасына байлап қайтуға Бекзатқа тілектеспіз деп сәттілік тілейміз!
Жанар Нарботаева

Аудандық орталықтандырылған
кітапханалар жүйесінің 
бөлім меңгерушісі 

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Ақп 2018=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Галерея