Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

Туристік сала тұрақты дамуда

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2017-09-30

Бүгін ОҚО-дағы «Көрме» орталығында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен туризм және кәсіпкерлік салаларының даму мәселелері мен жұмыспен қамту, еңбек ресурстары бойынша жиын өтті.Өңір басшысы мұнымен қоса облыста «Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың» мемлекеттік бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін 158 кооператив ашылғанын хабарлады. Ауыл шаруашылығы саласына бағытталған инвестиция көлемі 21,8 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,5 есеге артқан. Аймақ басшысы осы саладағы ілкімді істердің бірі - биыл Шымкент механикалық зауытының базасында модульдік сүт қабылдау бекеттерін жинау өндірісі басталғанын айтты. Бүгінгі таңда 15 модульдік сүт қабылдау бекеті кооперативтерге қосымша кепілсіз және алдын ала төлемсіз несиеге берілді. Айта кету керек, бекеттің құнының 50 пайызын субсидия ретінде мемлекет төлейді.
Басқосуда облыс әкімі Оңтүстік Қазақстан облысында туристік саланың да тұрақты дамып келе жатқанын мәлімдеді. Облыста туристік нысандар саны 195 бірлікті құрап, тиісінше 31 пайызға өскен. Мұнда көрсетілген қызмет көлемі 1,7 млрд теңгені құрап, 43 пайызға артқаны байқалады. Биыл облысымызға 128 мың турист келіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 55,3 пайызға көбейген.
Келелі жиын соңында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Көрме» орталығына қойылған тауар өндірушілердің көрмесін тамашалады. Онда 69 кәсіпкер текстиль, тағам өнеркәсібі, құрылыс және машина жасау саласындағы өз өнімдерін ұсынды. Делегаттар көрмеде дәрілік препараттар, медициналық құралдар, құрылыс тауарлары мен азық-түлік өнімдерін тамашалады. Сонымен қатар Үкімет басшысы модульді сүт қабылдау бекеттері мен әлеуметтік дүкен үлгісімен танысты. Премьер-Министр бұл жобаларды жоғары бағалап, әрі қарай дамытуды тапсырды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

 

 

 

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қаз 2018=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

9

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея