Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

Жылылық ұялатқан мереке

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2018-03-09

Қыстың аязды күндерінде, жаздың аптабында таң атпай көше сыпырып, қоқыс тасып жүрген нәзікжандыларды көргенде көңілге қаяу түсетіндігі рас. Ыстық шәйін сораптап, балаларының қасында отыруы тиіс аяулы аналардың жанбағыстың жарапазанымен аз ғана жалақы үшін күн батқанға дейін еңбектенетіні расында ерлік. Солардың еңбегін бағаламай көшені қоқысқа толтырып кететендердің қарасы тіптен көп...

Жуырда көңілге шуақ орнататын көктем мерекесі қарсаңында оңтүстіктің ерікті жастары қаламыздың тазалығын қамтамасыз ететін 204 әйел-аналарды мерекемен құттықттады.

Ыстық шәй, тәтті бәліш, гүл сыйлап, домбыра, баянмен жыр арнады.

100-ге жуық жас шынайы көңіл, риясыз алғыспен көшеде жұмыс жасап жатқан нәзікжандылардың  жұмыс орнына барып, тосын сый жасап, қуанышқа бөледі. Жүрекке жылылық орнатқан сый болды олар үшін. Кімнің идеясы болса да керемет шықты. Қала тазалығына жауапты ханымдар өздерін қоғамның бір мүшесі екендіктерін, еңбектері елеуге тұрарлық, әрқашан құрметке лайық екендіктерін сезінді.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Жел 2018=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея