Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: ontustyk.gov.kz

Түркістанда 300-ден астам кәіспкер кәсібін бастаған

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2018-08-01

Түркістан облысында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында 300-ден астам кәсіпкерге несие берілген. Жалпы, осынау жұмыстарға 2018 жылға 3,282 млрд теңге қаржы қаралып, несиелендіру жұмыстары жүргізілуде. 2018 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстардың ішінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы облыстық филиалы арқылы 260 тұлғаны несиелендірілсе (1 122,5 мың теңге), оның 184 бірлігі мал шаруашылығына қатысты кәсіп түрі болып табылады. 6 пайыздық үстемесімен 7 жыл мерзімге берілген өзге де бірліктер жылыжай, жиһаз өндірісі және шаштараз кәсіпшілігіне байланысты істер болып отыр. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасын іске асырудың екінші тармағы - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы арқылы 64 тұлғаға (201 652 мың теңге) 6 пайызбен 7 жыл мерзімге несие беріліпті. Оның 63 бірлігі мал шаруашылығына қатысты болса, 1-уі жылыжай өндірісіне тиесілі. Одан бөлек, нәтижелі жұмыспен қамту, жаппай кәсіпкерлікті және кооперативтерді дамытуға республикалық бюджеттен қосымша 3 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім беріліп, оның 1,8 млрд. теңгесі қолдау тапқан.

            Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қаз 2021=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

2

7

10

11

12

13

14

15

17

18

19

20

21

23

25

26

27

28

29

30

31

Галерея