Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

Асыл тұқымды мал басын көбейтуде

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2018-10-21

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Боралдай елді мекенінен жеке кәсіпкер Мақсат Назарбаев 2015-жылы «Сыбаға» бағдарламасы аясында 93 бас  «Абердин-Ангус» ірі қара малын алып, өсіруді бастаған еді.  «Абердин-Ангус» тұқымы сапалы ет береді, сондықтан  сапалы азықтандыру мен баптап күтуді қажет етеді. Күтімі жақсы болса, аналық бас сиырлардың салмағы 380 келіге, ал аталығының салмағы 430 келіге дейін жетеді. Күтіп-баптау мерзімі жетіп, бордақыға жөнелтілген әр аталық бас 700 келіден жоғары ет береді, деп хабарлайды  zamana.kz.

 

«Абердин-Ангус» басқа ірі қараға қарағанда салмақты жылдам қосады, – дейді кәсіпкер. – Мәселен, жергілікті өгізшелер күніне 400-500 грамм салмақ қосса, бұлар күніне 1,5-2,5 келі аралығында салмағын ұлғайта алады. Кейбіреулер сиырларына жылдам салмақ қосу үшін дәрі-дәрмек пайдаланатынын естіп жатамыз. Ал «Абердин-Ангуске» олай етудің қажеті жоқ. Малдың бұл төлі табиғи түрде жылдам салмақ қосу мүмкіндігіне ие. Шаруа қожалығы құрылғалы келе жатқан ірі қаралардың салмағы бүгінде 1 тоннаға жуықтады. Ал жалпы аналығы 550-ден 650 келіге дейін, өгізше 700-ден жоғары салмақ жинай алады. Сонымен бірге асыл тұқымды сиырлардың тағы бір ерекшелігі – бұзаулары  өте тез өседі. Қақаған аяз бен аптап ыстыққа шыдамды, әрі ауруға да төзімді келеді. Себебі генетикасы жақсы.

 

Мені қызықтырғаны да осы еді. Шаруа қожалығын құрғанға дейін көп ізденіп, кәсібімнің дөңгеленуі үшін бұл ірі қараны әбден білуім керектігін түсіндім. Әрі шөбі шүйгін, ауа райы қолайлы аймақ ретінде Боралдай өңірін таңдадым. Сөйтіп өз қаржыма 90 бас құнажын мен асыл тұқымды үш бұқа сатып алдым. Көп ұзамай аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі маған субсидия ретінде 12 миллион теңге берді.

 

Жалпы, етті сиырлар  біздің жақты тез жерсініп кетті. Өткен жылы 82 бас асыл тұқымды ірі қарадан 68 төл алғанбыз, биыл ірі қараның саны 112-ге жетті. Жылына 20-30 өгізше сатып, шаруа­шылыққа қажеттіліктерді толтырып отырамын. Сатпасам, осы күнге дейін асыл тұқымды ірі қараның саны 500-ге жетіп қалар еді.  

 

Ірі қараны ұрықтандыру процесінде жұмыс қауырт болады. Ұрықтандыруға 1-2 ай қалғанда шүйгін шөптен бөлек, жұмыртқа, сәбіз беріп баптаймыз». 

 

Өгізшелерді көбейтіп, елдегі мал басын асылдандыруды басты ұстанымы санайтын фермер осы елді мекеннен 4 адамды жұмыспен қамтып, оларға 80 мыңнан 100 мың теңгеге дейін айлық жалақы төлейді.  Алдағы екі жыл көлемінде мал басын 4-5 мыңға жеткізу жоспарында бар. Мұндай жағдайда малшылар саны тағы да артатын болады.

 

Бүгінде шаруашылыққа тиесілі жер көлемі 3700 гектарды құрайды. Әрқайсысы  1 тоннадан астам ет беретін асыл тұқымды бұқалар ерекше күтімге алынған.

 

Айта кетейік, жалпы Бәйдібек ауданындағы асыл тұқымды 4 ірі қара мал шаруашылығында 366 бас ірі қара, 3 қой шаруашылығында 5999 бас қой өсірілуде.

 

Д. МЕДЕУОВА

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қар 2018=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Галерея