Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

Халық банк бірінші тоқсанды қорытындылады

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2019-05-16

«Қазақстан Халық Жинақ Банкі» акционерлік қоғамы және оның еншілес ұйымдары (бұдан әрі – Банк) 2019 жылғы 1 тоқсанындағы қызметінің ХҚЕС-ке сәйкес құрылған шоғырландырылған қаржы есептілігіне негізделген нәтижелерін жариялады.

«Екі ең ірі банкті біріктірудің тарихи жобасын аяқтаған соң жаңа әрі нығайған Halyk тобы тұрақты даму жолына нық тұрды және қаржы жүйесінің қозғалтқыш күші ретінде даму жолында қарай серпілді. Qazkom-мен бірігудің синергиясы өз нәтижелерін 2019 жылғы 1 тоқсанда-ақ көрсетті: филиалдар желісін оңтайландыру есебінен операциялық шығыстарды қысқартуға, ссудалық қоржынның сапасын арттыруға бағытталған белсенді жұмыстар провизияларды құруға кететін шығындарды тұрақтандыруға мүмкіндік берді. БТА банктен қалған халықаралық облигациялар шығарылымының бөлігін мерзімінен бұрын өтегеннен кейін қорландыруды арзандатуға қол жеткіздік. Мұның өзі банк секторында депозиттік базаның жалпы төмендеуі аясында аса өзекті болды. 2018 жылғы табысты жұмыстың нәтижелері бойынша дивидендтердің теңдессіз мөлшерін төлегеннен кейін де Банкті капиталдандыру саласында ең жоғары болып тұр – 20% дәрежесінде. Басқа көрсеткіштері бойынша да– активтердің көлемі, депозиттер мен ссудалық қоржынның мөлшері, сондай-ақ таза пайдасы бойынша Halyk Қазақстан нарығында көшбасшы. Мұның барлығы бізге болашақта мықты міндеттерді жүктейді. Біз банктің технологиялық дамуына белсенді инвестиция салуға, жылдам және ыңғайлы сервистерді құруға, сондай-ақ көрші нарықта қатысуымызды кеңейтуге ниеттіміз. Қазірдің өзінде сатылымдар және клиенттерге қызмет көрсету жүйесінде айтарлықтай өзгерістерді қолға алдық. Бүгінгі күнгі біздің басты мақсатымыз – елдің ең ыңғайлы, қарапайым және мейірбанды қаржы институты болу және біз бұған біртіндеп жетуді көздеп отырмыз»,— деді өзі сөзінде Қазақстан Халық банкінің Басқарма Төрайымы Уміт Шаяхметова. 

Halyk тобының таза кірісі 2019 жылғы 1 тоқсанда 74,5 млрд теңгені құрады, бұл 2018 жылғы осы кезеңнің нәтижесінен (62,1 млрд теңгеге) 20,1%-ға жоғары. Бұл өсімге операциялық шығыстардың төмендеуі мен таза пайыздық кірістің жоғары деңгейі негізгі себеп болды.

Топтың таза пайыздық кірісі (кредиттік зияндар бойынша шығыстарға дейін) 2018 жылғы 1 тоқсанмен салыстырғанда, пайыздық активтердің орташа қалдықтары өсуі есебінен ұлғайды.

2019 жылғы 1 тоқсандағы таза пайыздық маржа таза пайыздық кірістің өсуі нәтижесінде өткен жылдың осындай кезеңіндегі жылдығы 4,4%-дан жылдығы 5,0%-ға дейін өсті.  2018 жылғы 4 тоқсанмен салыстырғанда, таза пайыздық маржа 2019 жылғы 1 наурызда мерзімінен бұрын өтеуге, сондай-ақ клиенттерге берілетін қарыздар бойынша орташа мөлшерлеменің төмендеуіне байланысты Банктің еурооблигациялары бойынша дисконтты 7,4 млрд теңге мөлшерінде жеделдетілген амортизациялау нәтижесінде 5,6%-дан төмендеді.

Қызметтер мен комиссиялар бойынша кірістер 2018 жылғы 1 тоқсанмен салыстырғанда 2,3%-ға өсті. 2019 жылғы 1 тоқсаннан бастап бұрын кассалық операцияларда және банктік аударымдарда есепке алынатын төлем карталары бойынша операцияларға байланысты комиссиялардың бір бөлігі төлем карталары бойынша алынған комиссиялар түрінде берілетін болады. 2018 жылғы 1 тоқсандағы көрсеткіштер сәйкесінше қайта есептелді.

Біріктіруге дейін Банктің және Қазкоммерцбанктің заңды тұлғалардың ағымдағы шоттарынан аударымдары сыртқы аударымдар ретінде қаралып, тиісті комиссиялар қолданылған. Біріктіруден кейін осы ағымдағы шоттар арасындағы аударымдар ішкі болып есептеліп, бүгінгі күні комиссиясыз орындалады. Банктік аударымдар нәтижесінде алынған комиссиялық кірістер 2018 жылғы 1 тоқсандағы 4,1 млрд теңгемен салыстырғанда 3,5 млрд теңгеге дейін төмендеді. Комиссиялық кірістер 2018 жылғы 1 тоқсанмен салыстырғанда, маусымдық әсері есебінен 8,6%-ға төмендеді.

Қызметтер мен комиссиялар бойынша шығыстар 2018 жылғы 1 тоқсанмен салыстырғанда, негізінен Банктің эквайрингтік желісінде басқа банктердің карталары бойынша операциялардың өсуі есебінен 19,0%-ға ұлғайды.

·         сақтандыру шығыстарын (сақтандыру төлемдерінің сомасы, агенттерге резервтерді қамтамасыз ету және комиссиялық сыйақы шығыстары) шегергенде, сақтандыру қызметінен түсетін кірістер (сақтандыру сыйлықақыларының сомасы, брутто, қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақылары, ақталмаған сыйлықақы резервтерін өзгерту, нетто);

·         шетел валютасымен жасалатын операциялардан түсетін таза пайда;

·         пайда мен шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтері мен міндеттемелері бойынша таза шығын және басқа жиынтық кіріс арқылы әділ құнымен бағаланатын қаржы активтерінен айналыдырылған таза пайда;

·         клиенттерге берілген қарыздарды, кредиттік мекемелердің қаражатын, қолда бар, сатуға арналған бағалы қағаздардың және өзге де активтерді қоса алғанда, кредиттік шығыстар бойынша шығыстардың жалпы сомасы;

 

АКТИВТЕР

Активтер негізінен Банк клиенттерінің 2019 жылғы 1 тоқсанда қаражатты ішінара алу салдары ретінде 2018 жылдың аяғымен салыстырғанда, 1,1%-ға төмендеді.

2018 жылдың аяғымен салыстырғанда клиенттерге берілетін қарыздар брутто негізде 1,5%-ға және нетто негізде 1,7%-ға азайды. Корпоративтік портфельдің (-0.2% брутто негізде), ШОБ портфелінің (-6.3% брутто негізде), ипотекалық портфельдің (-1.5% брутто негізде) және тұтынушылық қарыздардың (-1.3% брутто негізде) азаюы 2019 жылғы 1 тоқсанда несиелік портфельдің төмендеуіне себеп болды.

Банктің NPL 90+ коэффициенті  2018 жылдың аяғындағы 8,2%-дан 9,1%-ға дейін өсті. Коэффициенттің ұлғаюы негізінен корпоративтік заемшылардың бұрын құнсызданған кейбір кредиттерінің мерзімі кешіктірілген берешегі пайда болуы нәтижесінде орын алды.

МІНДЕТТЕМЕЛЕР

Заңды және жеке тұлғалардың қаражаты 2018 жылмен салыстырғанда, негізінен Банк клиенттері ағымдағы қажеттіліктерін қаржыландыру үшін жинақтарын ішінара алуынан сәйкесінше 0,9% және 3,4%-ға қысқарды. 2019 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша теңгемен номинацияланған корпоративтік депозиттердің депозиттердің жалпы сомасындағы үлесі 2018 жылғы 31 желтоқсандағы 48,3%-бен салыстырғанда, 50,3%-ға дейін өсті, сонымен қатар теңгемен номинацияланған бөлшек депозиттердің депозиттердің жалпы сомасындағы үлесі 2018 жылдың аяғындағы 41,0%-дан 42,6%-ға дейін өсті.

Кредиттік мекемелердің қаражаты 2018 жылдың аяғымен салыстырғанда 0,3%-ға төмендеді. 2019 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша Банктің қаржы институттары алдындағы міндеттемелерінің шамамен 75,7%-ы 2014 ж.-2018 ж. экономиканың жекелеген секторларын қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалардың шеңберінде «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-тан, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-тан және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тан тартылған қарыздардан құралды.

Шығарылған бағалы қағаздар 2018 жылдың аяғымен салыстырғанда, негізінен 2022 жылы өтелуі тиіс еурооблигацияларды 2019 жылғы 1 наурызда 200 млн АҚШ доллары сомасына мерзімінен бұрын ішінара өтеудің есебінен 8,1%-ға қысқарды. Осы баспасөз-релизі күніндегі жағдай бойынша борыштық бағалы қағаздардың портфелі былайшы ұсынылды:

Шағын және Орта бизнес (ШОБ)

2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша банк 280 мыңнан астам ШОБ клиенттеріне қызмет көрсетті, оның ішінде 7485 заемшыға 23 337 несие берілді. ШОБ несие портфелі жыл соңында 494 млрд теңгеге қарағанда 478 млрд теңгені құрады, бұл маусымдық фактормен байланысты. Бизнесті қаржыландыру тұрғысынан Банк Қазақстан нарығының шамамен 39%-ын құрайды.

Әйел кәсіпкерлігін өз есебінен несиелендіру үшін Банк 3 млрд теңге бөлді. 2019 жылғы 1 сәуірдегі ақпаратқа сәйкес, Банк 2,2 млрд теңге сомасына 279 жобаны жүзеге асырып, 15 жоба  0,114 млрд теңге сомасына қосымша мақұлданды және қаржыландыру мөлшері 0,697 млрд тенгені құрайтын 80 жоба қарастырылуда.

Мемлекеттік бағдарламаларға қатысу:

Аймақтарды қаржыландыру бағдарламасы:

Халық банк пен «Даму» қоры арасында жалпы сомасы 18,6 млрд теңгені құрайтын 56 келісімге қол қойылды, қазірді өзінде 13,7 млрд теңге көлеміндегі 46 келісімі бойынша игерілді. Дәл қазіргі уақытта Халық банк 2018 және 2019 жылдарындағы бағдарламалары бойынша бөлінген қалған 4,9 млрд теңгені игеру жұмыстарын жүргізуде.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы. 

2017 жылы аталған бағдарламаға қатысу арқылы Банк «Даму» қорынан бөлінген 6,93 млрде теңгенің 4,39 млрд теңгесін игерді.

Өңдеуші өнеркәсіп саласында қызмет ететін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бойынша «Даму Өндіріс 2» бағдарламасы:

Бұл бағдарламаны іс-жүзіне асыруға мемлекетпен бөлінген 64 млрд теңгенің Халық банк 179,9 млрд теңге сомасында (қайта игеру есебінен) 4 715 жобаны қаржыландырды. Халық банк бөлінген және игерілген қаражаттың көлемі бойынша көшбасшылықтың үштігінде тұр.

Бизнесті қолдау және дамыту «2020 бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы, 1,2,3 бағыттары:

Бұл бағдарламаны іс жүзіне асырудың нәтижесі бойынша Халық банк қол қойылған жобалардың көлемі бойынша қатысушы-банктердің ішінен бірінші орында тұр – 631,92 млрд теңге көлеміндегі субсидиялық портфельмен 3 341 келісімді қаржыландырды.

«Даму» қорымен ынтымақтастықтың тағы бір маңызды бағыты займдар бойынша Халық банктің жеке кәсіпкерлік субъектілерін кепілдендіру бағдарламасы болып табылады. Бұл бағытты іске қосқалы бері Халық банктің клиенттерімен 1166 кепіл келісімдеріне қол қойылды, мұның өзі кепіл берудің жалпы көлемінен 22,3%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша Халық банк бірінші орында, сондай-ақ «Даму» қорының кепіл берудің жиынтық көлемінен де Банк озық келеді, 16,694 млрд теңгені құрайды немесе осы бағдарлама бойынша шығарылған кепіл сомасының 22,7%-на тең.

Банктің бөлшек бизнесі

2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Банк жеке тұлғалардың салымы нарығында көшбасшы позицияларды ұстап келеді: оның бөлшек депозиттер нарығындағы үлесі 37,31% (3,2 млрд теңге) құрады.

Банктің кредиттік портфелі 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша нарықтағы 19,66% үлеспен 937,3 млрд құрады.

Клиенттік база 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 10,9 млн клиент болды, оның шінде белсенділері (банктік өнімнің біреуінен артық пайдаланатын) — 66%-ы немесе 7,2 млн клиент.

Қазақстан Халық банкі шығаратын төлем карталардың саны 9,2 млн құрады. Төлем карталарға қызмет көрсету бойынша банктің үлесі нарықтағы белсенді карталар бойынша  39%-ды құрайды.

Банктің өңірлік өкілдіктерінің желісі көптеген жылдар бойы Қазақстандағы ең кең тарағандардың бірі болып табылады. 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ол 23 филиалдан және 622 сату арнасынан тұрады.

Банктің төлем инфрақұрылымы есепті кезеңнің соңында 4 407 банкоматты және 1 138 төлем терминалдарын (соның ішінде 69 мультикиоскілерді), және 70 529 ПОС-терминалдарды қамтиды.

Мемлекеттік ипотека бағдарламарына қатысу

Банк өзінің жеке бағдарламалары бойынша, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалары бойынша тұрғын үй сатып алуға кредиттер белсенді түрде беруде (2019 жылғы 13 мамырдағы жағдай бойынша):

·         «7-20-25. Әр отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бағдарламасы аясында 5,5, млрд теңгеге 464 кредит берілді;

·         «Баспана-хит» бойынша 4,8 млрд теңгеге 576 займ берілді;

·         Ипотекалық тұрғын үй валюталық займдарды қайта қаржыландыру/ «Қазақстандық тұрақтылық қоры» АҚ қаражаты есебінен 74,5 млрд теңге (ҚКБ-ны есептеумен) көлемінде 12153 ипотекалық займдар қайта қаржыландырылды.

Жеке тұлғаларға қашықтан қызмет көрсету

Бүгінгі күні Homebank пайдаланушыларының саны 3 652 мың клиентке дейін ұлғайды. 2019 жылдың бірінші тоқсанында интернет-банкинг пайдаланушылары 7 млн астам төлемдер мен аударымдар жүргізді.

Банк Homebank сервистерін белсенді дамытуды жалғастыруда, осылайша 2019 жылдың 1 тоқсанында клиенттерге келесі мүмкіндіктер енгізілді:

·         Homebank-тің web-нұсқасында шоттардың деректемелері бойынша PDF үзінді-көшірмені сақтау

·         kz-тің web-нұсқасында «Шымбұлақ» курортының абонементін төлеу

·         Бәйтерек девелопмент, Күзет Қорғау, Оқжетпес компанияларының пайдасына төлемдерді төлеу

·         iOS-қа арналған мобильдік қосымшада ұялы байланыс үшін Go! бонустар есебінен төлеу

·         Шоттарды бұғаттау және тыйым салу бойынша онлайн тексеру

·         Тиімді кредит алуға онлайн өтінімдер

·         Homebank қосымшаларында – A-Parking үшін төлеу.

Төлем терминалдары

2019 жылғы 1 тоқсанда:

·         «Жеке тұлғаларға арналған кредит бойынша алдын ала шешімге өтінім» қызметі енгізілді;

·         ірі жеткізушілер – «Қазақтелеком» АҚ және «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-тың қызметтерін төлеу тәсілдері кеңейтіліп, оңтайландырылды;

·         төлемді терминалдар арқылы қабылдау үшін 150-ден астам жаңа төлем кодтары ашылды.

Банктің төлем терминалдары арқылы жүргізілген операциялардың жалпы саны 2019 жылғы 1 тоқсанның қорытындылары бойынша 4,4 млн құрады, бұл 2018 жылмен (2,7 млн операция) салыстырғанда 60%-ға артық.

Әлеуметтік төлемақыларды есепке жатқызу

Банк зейнетақы мен жәрдемақы алушыларға қызмет көрсету бойынша көшбасшылықты сақтап келеді – 2,5 млн адам немесе Республика бойынша барлық төлемдердің жалпы көлемінің 70,5%-ы және 67,9% – саны бойынша.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі

тел. +7 727 2 590 301| pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz

 

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қыр 2019=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Галерея