Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

Шымкент -Қазақстан бойынша үшінші орында

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2020-01-24

Қалада орналасқан халық тығыздығы бойынша

 

Бұл туралы Шымкент қалалық статистика департаментінің басшысы Ерназар Құлтаев қалалық әкімдіктің ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.

Әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштер бойынша 2019 жылғы 1 желтоқсанға қаладағы тұрғын саны 1033,5 мың адамды құрады және 2018 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда 22,3 мың адамға (2,2%) өсті.

25,8 мың сәби туып, 2018 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 4,8%-ға өсті.

Тұрмыс деңгейі бойынша, 2019 жылғы III тоқсанда қаладағы халықтың орташа бір айда жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары, бағалау бойынша, 70 774 теңгені құрап, 2018 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 13%-ға, ал нақты ақшалай табыс 6,7%-ға өсті.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 29455,7 млн. теңгені құрады және 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,3% артты, оның ішінде мал шаруашылығы, тиісінше 19419,6 млн.теңге болып 8,3%, өсімдік шаруашылығы – 9428,3 млн.теңге болып, яғни 2,9%-ға артты. Республикадағы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлеміндегі үлесі бойынша қала 14-ші орынды, немесе 0,6%-дық үлесті алып отыр.
Сонымен қатар, бөлшек сауда көлемі 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда 381591,9 млн. теңгені құрап, өткен жылғы тиісті кезеңге қарағанда 7,1%-ға артқан. Көтерме сауда көлемі 802 438,4 млн. теңгені құраған және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға өскен. Республиканың көтерме саудасындағы қаланың үлес салмағы 2,5% құрады немесе 7-ші орын, нақты көлем индексі бойынша 10-орында.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қыр 2020=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

9

10

12

13

14

15

16

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Галерея