Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

11 мобильді бригада қызмет атқаруда

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2020-08-04

Шымкенттегі №1 қалалық емхана қызметкерлері бүгінде қауырт жұмыс режиміне көшкен. Алмағайып кезеңде ақ халаттылар қауіп қатерге басын тігіп, күн-түн демей қызмет атқаруда. Бүгінде аталмыш емханада  54 187 тұрғын тіркелген. Жүктеменің көптігіне қарамастан медицина қызметкерлері жүйелі жұмыс атқаруда.  №1 қалалық емхананың бас дәрігері М.Бейсеуовтың бұйрығымен 11 мобильді бригада қызмет атқаруда. Дүйім дүниені дүрліктірген дерттің орын алуына байланысты науқастардың  үйлеріне барып қызмет көрсетуде. Медицинаның алғы шебінде жүрген қызметкерлер 4-5 күннің ішінде 49 шақыртуға барып үлгерді.  Диспансерлік есепте тұрған  науқастарға, жүкті әйелдерге, созылмалы ауруы бар науқастарға қоңырау шалып, жағдайларын біліп отыру да ақ халаттылардың міндеті. Осындай есепте тұратын 151 науқасқа қоңырау шалынған.  Оның 39 –ы жүкті әйелдер. Жұғу қауіптілігін ескере келе, 41 науқастың  үйіне барып ПЦР сынамалары алынған.  

Бүгінгі таңда 1430. kz порталы жұмыс істеп жатқаны белгілі. Аталмыш порталда №1 қалалық емхананың  34 дәрігері тіркелген. 2 психолог, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, хирург, нефролог, гинеколог, дерматологтар онлайн кеңес беруде. Астанадан, Тараздан, Шымкенттен тұрғындар қоңырау шалып, кеңес алуда. Диспансерлік есепте тұратын науқастарға емхананың әлеуметтік қызметкерлері тегін дәрілер жеткізіп беруде. Қазірдің өзінде 151 адамға тегін дәрі жеткізіліп берілді. Медицинаның сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында ақ халаттылар аянбай еңбек етуде.

 

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

Соңғы жаңалықтар

Биыл Шымкентте автобустарды 80 пайызға жаңарту көзделуде

2021-01-16: Биыл Шымкентте автобустарды 80 пайызға жаңарту көзделуде 12 0

2021-01-14: Halyk Bank: “Бізбен бірге болғаныңыз үшін Сізге бонустар сыйлаймыз!” 21 0

2021-01-14: «Қазақстандағы білім беру: STEAM ұлттық моделі» конференциясы 50 0

2021-01-12: АТЫРАУЛЫҚ ЖАСТАРҒА – “САМҒАУ” БИЗНЕС-ФЕСТИВАЛІ 27 0

2021-01-10: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУУ КӨРСЕТКІШІНЕН РЕКОРД ОРНАТТЫ 25 0

2021-01-05: «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ ҮЕҰ гранттар беруге конкурс жариялайды 36 0

2021-01-05: НАО «Центр поддержки гражданских инициатив» объявляет конкурс на предоставление государственных грантов для неправительственных организаций 28 0

2021-01-03: БАЛАЛАРҒА ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ СЫЙЛЫҚТАР БЕРІЛДІ 63 0

2021-01-01: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ЖЫЛДА 60-ҚА ЖУЫҚ СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ 59 0

2020-12-30: ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ПЕТИЦИЯ ТУРАЛЫ ЗАҢДАР – СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ 37 0

<=Қаң 2021=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

2

4

6

7

8

9

11

13

15

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея