Әлеумет Желіде мектепке оқушыларды қабылдауға байланысты фейк тарады Редактор 21.05.2022 2956 1 оқу мин Желіде мектепке қабылдау туралы өтініште «ана» мен «әке» сөздері «бірінші ата-ана» және «екінші ата-ана» болып ауыстырылды деген фейк тарады, — деп хабарлайды stopfake.kz. Қазнет қолданушыларының айтуынша, биыл баланы мектепке қабылдау туралы өтініш нысанында «анасының ЖСН-ы» және «әкесінің ЖСН-ы» деп жазылатын жолдарға «бірінші ата-ананың ЖСН-ы» және «екінші ата-ананың ЖСН-ы» деп жазылған. Бұл — жалған ақпарат. ҚР Білім және ғылым министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның мәліметінше, баланы мектепке қабылдау туралы өтініште ата-анасының біреуінің ғана ЖСН-ін көрсету қажет. «Ақпарат шындыққа жанаспайды. Ата-аналар нөмірленбеген. Құжаттарды толтыру кезінде бұрынғыдай «ата-ана» немесе «заңды өкіл» деп жазылады», — деп түсіндірді министрліктің баспасөз қызметі өкілі. Демек, Қазақстанда «ана» мен «әке» сөздері «бірінші ата-ана» және «екінші ата-ана» сөздерімен ауыстырылатыны туралы ақпарат — фейк. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ 25.04.2024 1214 ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНА 49 КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ 1 оқу мин Әлеумет ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНА 49 КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ 25.04.2024 1280 ЖЕТІСАЙДА ТЕАТР ӨНЕРПАЗДАРЫ «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ 1 оқу мин Әлеумет ЖЕТІСАЙДА ТЕАТР ӨНЕРПАЗДАРЫ «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ 24.04.2024 2215